Өлең, жыр, ақындар

Шексіздіктен Сен де бірде оралдың, Шексіздіктен

  • 16.09.2022
  • 0
  • 0
  • 636
Шексіздіктен Сен де бірде оралдың, Шексіздіктен
Мен де бірде оралдым...
Жанарына құйып алып ғаламды, біздің ортақ
Тағдырымыз жаралды!

Ышқындырып Уақыттың сартабы,
Іздегенде Жан мен тәнге ортақ үн,
Биіктік боп көріндің ғой, ардағым,
Тереңдік боп, мен өзіңді тартамын!

Мәңгіліктің тынысы едің Сен-дағы.
Мәңгіліктің тынысы едім
Мен-дағы.
Мыйымызда шыңғырыс бар,
аңдағын және

жылы жымиыс бар қандағы...

Шаттығымыздың нұры ойнаған көз жасын сақтауы үшін
маған сенген әз басың, сақтауы үшін саған сенген өз
басым, жылынамыз бірімізге біріміз,

сыйынамыз бірімізге біріміз! Аллатағала, Сіз де
өзіңіз біліңіз, еш құдаймен бөліспейміз мұны біз!

Түн құлағы қалқайып әр мұржаның түбінен, Мені
аңдиды...

Мен Сенің суретіңе үңілем.

Шарап ішіп, Ой ойлап, тойламақ ем тегін бір... Аспан
асты – жер үсті аяз маздап көгілдір; көрген түсі күздегі,
баяғы өткен шілденің – тереземді өрнектеп музыкамен
күрделі;

асықтықтан (почтаның самолеттеріне сыйынған),
Ақындағы құпия мінез гулеп мыйымнан:

елес беріп сендегі ләйлекмойын білектер!..

Жарық Дүниенің үстіне қалқып шығам түнектен!

Тұңғыш туған тамшыдай (маусымдағы жап-жасыл)
көкірегімдегі сағыныш ұшындағы көз жасын құлағыңа
сырға етіп соңыра бір тағармын!..

Мына арлы Уақыт пен

мына даңғой Қоғамның

айқайынан алыстап кетер болсақ оңаша, сайқал
іздер түспеген иманы мол Далаша ән аңқырмыз!..

Мен саған

сыйға тартар сырғада дәні жатар
Жанымның. Мен сол дәннен тіл
қатам!..

Ал, дәл қазір суретіңнен жоқ басқадай түгім де. Түн
құлағы ілулі әр мұржаның түбінде.

«Қызғаншақсың!» – деп, бір күні кінә арттың-ау Сен маған.
Рас, сені қызғанбасам, «жолым менің болмаған».
Қызғануды қой дейсің ғой,

о жоқ, енді доғарман;

Өзіңе асық қуатты
Ойдың қарашығынан жаралған –
Қызғанышым – қызыл
Сәуле, қызыл Сиқыр дірілдек!
Мені өзіңе сағындыртқан періштеңнің тілінде

сол Сәуленің – сол
Сиқырдың бір ұшы бар...
Түсіңде

бұрымыңнан иіскер болсам,
күреңіткен пішінде, бәрі – содан...

Иә, содан – өртенері өзектің!

Түн бауырын піскілеген күрсінісіме кезекті берер
болсам,

естір едің

Сен де қызыл дірілді...

Айдары бар айларым мен күндеріме тұлымды
тіршілігіміздің табанынан көздер сөйлеп самсаған,
бірімізді бірімізге тыңдатпауды аңсаған мезеттерде,

ыңылдаған қанымды өртеп Ар-Санам,
күлкіңнен де күдер үзіп...

Күреңітем Мен сонан!

Өз-өзімді бұлай сынау – маған да оңай болмаған.
Қызғанышым – ұятымның қыл-көпірі... Арбаған!

Намысымның нажағайы өн-бойында ойнаған
мендік со бір Қызыл Сәуле сөнбейді деп ойлағам...
Сенем соған, өлмесін деп қызыл Сиқыр дірілдек.
Саған мені сағындыртқан періштеңнің тілінде

сол Сиқырдың бір ұшы бар!
Үзілмесі үшін

Мен

бір Тәңір мен бір Өзіңе жалбарынып ішімнен,
жылаушы едім...

Не десең де бас тартпаймын ісімнен.

Ұятымның қызыл Сиқыр қыл-көпірін
тісіңмен

қыршимын деп қиналмашы...
Қинамашы!

Түсін... Мен...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Отаным

  • 0
  • 0

Отаным,
Мен Сенің ел-жұртыңды да,
Шер-құртыңды да сүйген бір титімдей араймын.
Шекараңдағы мола да болғым келеді - дұшпанға қарсы зор айбын.

Толық

Жекеқоңыр

  • 0
  • 0

Қайта-қайта маңырап, қоңыр қозым,
суландыра бердің-ау көңіл көзін.
Қозысы едім мен де бір қоңырлықтың…
Көп өксіктен көкірек сөгілгесін…

Толық

Сені сүю

  • 0
  • 0

Сені сүю – күрсініп, күнде күту хатыңды...
Хат жазам деп мен де сан, түнге қалам матырдым.
Түнге қалам матырдым, жаныма іздеп бәтуә.
Қаламымның ұшында ауылымның оты бар.

Толық

Қарап көріңіз