Өлең, жыр, ақындар

Нендейлік қалып тұр зіл?..

  • 16.09.2022
  • 0
  • 0
  • 465
нендейлік қалып тұр зіл?.. Парық –
тылсым...

Дауысың талықтырсын:


– Амансың ба!.. қайдасың?.. Ал,
ұқтыршы!..

Біздің хал ма?.. әзірше қол да босап... Өзің
қалай... күн жылы?.. Ол – тамаша! (Сен де
менен бір хабар тосқансың-ау, мендік сезім
сөйдейді, алдамаса...) Денсаулық па?..

Кей-кейде Жан ауырып...

Ал, былайша – қайнаулы самауырын...
Семей қалай?.. солай де!.. Ертіс аман...
Бізді қойшы, баяғы – Қарауылың...
Көкіректе – күй-Дала, өлөң-көше... Хат
болар деп күткен ем сенен кеше. Бәрі
жақсы дейсің бе?.. дұрыс, дұрыс... Келем
деген сөзіңді бер, ендеше!.. (Күлкі менен
күдік те жүре ме бір? Өмір-бақи көңілде
түнемегір!

Қызғылт үміт ішінде – көкшіл арман,
көкшіл арман ішінде – күрең Өмір!..)
Қалай, қалай?.. ағаң ба?.. жұмысында!..
Дейді бізге: «тезірек ұғысыңдар!»... Алло-
оу!

Алло-ау!..

Алла-ау, жауап бер, жалындырма, Жаным
менің тұр қазір сым ұшында!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Болады сәл қулары

  • 0
  • 0

болады сәл қулары.
Сағаты мен күндерін алмастырып,
саған да өстіп айтады мен туралы...
Күллі тамыры күрсініспен түйрелген –

Толық

Сол бір қыздың соңынан бақ шұбалып!

  • 0
  • 0

Сол бір қыздың соңынан бақ шұбалып!..»...
Ойлай берем: «сол ғана – нақ сыңарым...»...
Көмекейім көзеден «қақшып алып»,
жатыр едім біруақ өксіп алып...

Толық

Сені сүю

  • 0
  • 0

Сені сүю – күрсініп, күнде күту хатыңды...
Хат жазам деп мен де сан, түнге қалам матырдым.
Түнге қалам матырдым, жаныма іздеп бәтуә.
Қаламымның ұшында ауылымның оты бар.

Толық

Қарап көріңіз