Өлең, жыр, ақындар

Сол бір қыздың соңынан бақ шұбалып!

  • 16.09.2022
  • 0
  • 0
  • 566
Сол бір қыздың соңынан бақ шұбалып!..»...
Ойлай берем: «сол ғана – нақ сыңарым...»...
Көмекейім көзеден «қақшып алып»,

жатыр едім біруақ өксіп алып...
Біреу кірді ымыртта:

– Тірімісің?

Тірімісің?

Сезімнің құлымысың?

Өлердей боп қайдағы бұрым үшін,
Өлөң кезіп, қарашы ұлығышын!
Періленбе, пешенең ұдайы ысып...
– Қарай қалдым:

– Сәлемсіз бұ қайсысың?..

– Маскүнем де көрген жоқ бұлай ішіп!..

– Әу, сен кімсің?.. төрге шық, құдай
үшін!.. Білмейсің бе Сорың мен Бағың
барын?

Қойсам қайттің тілің мен жағыңды алып!?. –



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ата Тілім менің

  • 0
  • 0

Ата Тілім менің,
Сенің күркіреген күндей қасиетті Дауысыңды
Шеше құрсағына біткенімнен-ақ естігем.
Өмір – мынау, дүние қуа дабырласқан көш түмен!..

Толық

Өмір?

  • 0
  • 0

– Уақытқа, айтыңыз, құлмыз ба, аға? –
десе қайтем бүгінгі ұл-қыз маған?
Итшілеткен тірлік-ай, көршіңнен де
хал сұрауға мойныңды бұрғызбаған!

Толық

Сезімтал боп кеттік пе біз-ақ бүгін?..

  • 0
  • 0

Сезімтал боп кеттік пе біз-ақ бүгін?..
Сыртта – жаңбыр.
Басқандай Күз аптығын.
Телефоның... нөмірің... Гудогының

Толық

Қарап көріңіз