Өлең, жыр, ақындар

Қайыршы

  • 11.08.2022
  • 0
  • 0
  • 1416
Қайыршы бір мүсәпір білуші ем шал,
Үрерге ит, тігерге тұяқ болмаған мал,
Ертеден кешке дейін қайыр сұрап,
Жүруші ед көрінгенін етіп амал.
Әркімнен бұл қалпымен жинағаның
Жақсының құдай үшін сыйлағанын
Қасқыр-масқыр, ақсақ-соқыр, нашарларға
— Өзінен таратушы ед ылғи аман.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қарашекпен әм жылан

  • 0
  • 0

Болды дос жылан менен қарашекпен
Жүргіншіден айналдырып азды-көпте
Мужиктің іш-баурына кіріп алды,
Ақылды бір өнерпаз залым екен.

Толық

Қасқыр менен кісі

  • 0
  • 0

Жауызға шамаң келсе етпе рақым,
Жейтұғын жиіркенбестен кісі хақын,
Ешуақытта жақсылығыңды пайда білмес,
Артынан жамандығы тұрар жақын.

Толық

Әтеш пенен меруерт тач

  • 0
  • 0

Мыс қылар алтыныңды жаман адам,
Қайдан білсін жақсы-жаманды надан адам,
Асылдың қадырын біліп қалай тұрсын,
Көрмеген өмірінде тазына адам.

Толық

Қарап көріңіз