Өлең, жыр, ақындар

Мектепке шақыру

  • 11.08.2022
  • 0
  • 0
  • 2747
Балалар, жиналыңыз мектепке ерте,
Мәз болмай деген сөзге «мырза, ерке».
Бұл кезде өнерлі адам өрге шықты
Зат емес надан кісі алар текке.
Ертеңгі шақыруымен әтеш құстың
Халықтар кетіп жатыр егіндікке.
Күн шығып терезеге сәуле түсті
Тұрыңыз, жарамас тек уақыт өтсе.
Адам да, аңдардағы, құстың бәрі
Әрқайсысы қызметінде келгенше әлі.
Қалбаңдап көбелек те тек жүрген жоқ,
Бал жинай кетіп барады ұшып ара.
Тоғайдың қызығына тоймастай жан,
Орманда қыбырлаған әртүрлі аң.
Тұра сап тоқылдақ та тек жүрген жоқ,
Ертемен құстар сайрап салады ән.
Шөпшілер тоғайда жүр шөбін шауып,
Қол күші еңбегімен пайда тауып.
Балықшы ауын қарап қайықта жүр,
Дені сауда жұмыс та бір қызық сауық.
Қарасақ әр мақұлық қызметінде
Көрінеді осылайша күнде-күнде.
Ынтамен сабағыңызға қол қойыңыз
Надан боп жұрт болмассың тек жүргенде.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әтеш пенен меруерт тач

  • 0
  • 0

Мыс қылар алтыныңды жаман адам,
Қайдан білсін жақсы-жаманды надан адам,
Асылдың қадырын біліп қалай тұрсын,
Көрмеген өмірінде тазына адам.

Толық

Маймыл менен көзілдірік

  • 0
  • 0

Жауыздың сақтаныңыз тіліне ермей,
Ғасыға тек жүрмеңіз ғақыл бермей,
Бір маймыл қартайғанда қор болыпты,
Байғұстың бұрынғыдай көзі кермей.

Толық

Шымшық пен көгаршын

  • 0
  • 0

Тұзаққа түсті шымшық соры қайнап,
Шыға алмай талпынса да, көзі жайнап,
Бұлқынып уайымда жатқан жерде,
Кез болды жас көгаршын құдай айдап.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар