Өлең, жыр, ақындар

Қызыл жұлдыз

  • 05.08.2022
  • 0
  • 0
  • 1116
Қызыл жұлдыз маңдайында ерлердің,
Үкіметі совет-кеңес елдердің.
Қызыл жұлдыз — еркін еңбек таңбасы,
Туы қызыл, күні қызыл жерлердің.
Қызыл жұлдыз жең сыртында білекте,
Қызыл жұлдыз алда, мақсұт-тілекте.
Қызыл жұлдыз — шын батырдың белгісі,
Сыртқы түсте және ішкі жүректе.
Қызыл жұлдыз алыс аспан — көкте еді,
Неше жүз жыл созса да қол жетпеді.
Енді қолда алтын таңның шолпаны,
Шолпан бұрын біздің қолға кеп пе еді?
Қызыл жұлдыз — адамзаттың шырағы,
Шырағы бар ердің көзі қырағы.
Ұзақ жолда шырақ алда тұрғанда,
Біліне ме жолдың алыс, жырағы!?
Қызыл жұлдыз кең советтің түрінде,
Және ішкі жүрек пенен үнінде.
Маркс, Ленин салған жолы әлі ұзақ,
Түссең жолға, жұлдыз қолда, ерінбе!

1924 жыл, 15-ақпан, Орынбор



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жыл басы – қарлығаш

  • 0
  • 0

Өліп жатқан жер жүзіне
Жаз келген соң жан кірді.
Ойда, қырда жап-жасыл боп,
Жасарып жер жаңғырды.

Толық

Тағы бір тілек

  • 0
  • 0

Өзгерді совет келіп, ел шырайы,
Өзгерді бұрынғы «жау» көрші райы.
Түсті кеп жарлылардың, бөлісіне,
Ірі ну, бай малы мен жер шұрайы.

Толық

Міне көл

  • 0
  • 0

Көлің міне,
Күндіз, түні
Мың түрлі әнмен шулайды.
Кейде тынық,

Толық

Қарап көріңіз