Өлең, жыр, ақындар

Қаралы күн

  • 05.08.2022
  • 0
  • 0
  • 994
(1924 жыл, 23-қаңтар, күндізгі сағат екі жарым, Москва, көшеде Лениннің табытын вокзалдан алып келе жатқанда)

Еңбекші тап бүгін ауыр жаралы,
Қан қызыл ту бүгін қайғы-қаралы,
Еңбекші тап бүгін жалпы қайғырып,
Ауыр хабар-хатқа төніп қарады.
Еңбекші тап бүгін еңіреп жылауда,
Ерін жоқтап қайғы күйін жырлауда.
Қатын, бала, кәрі, жасы күңіреніп,
Омырауды ыстық жаспен бұлауда.
Еңбекші тап бүгін қайнап күйінген,
Қара байлап, қару асып, киінген.
Жаңа тұрмыс — жалпы бақыт дұшпаны,
Сасық дұшпан жынша күліп сүйінген.
Қалың жындар бүгін ұлып үрді ме?
Кезін қадап, құлақтарын түрді ме?
Екі санын шапалақтап қуанып,
Сыбырласып, жыбырласып күлді ме?
Бүгін өлік, кешегі алып арыстан,
Өмірінде жауыздықпен қарысқан,
Адамзатқа қараңғыда жол салып,
Қызыл күнді дәл көздеген алыстан.
Жолдастар-ау, бұл кекті өлім жүрекке у!
Екпіндірек тізе қосып, кекті жу!
«Шоқ! Шоқ!» деген жаудың үні жойылсын,
Жайсын қанат Ленин тіккен Қызыл Ту!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Май күйі

  • 0
  • 0

Жер жаһан жұмыскер табы
Бүгін тасид
Радиомен тілегім,
Бұлтылдайды

Толық

Қара жер

  • 0
  • 1

Дүние тегіс,
Жалпы кеңес,
Қызыл туға бағынса.
Жалпы ғалем,

Толық

Кетпейтін естен ғашық жар

  • 0
  • 0

Кетпейтін естен ғашық жар!
Айта алмай жүрген сөзім бар,
Талай жерде оқталып,
Айтуға көріп ұят-ар.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер