Өлең, жыр, ақындар

Қайғылы хабар

  • 05.08.2022
  • 0
  • 0
  • 691
Ойпыр-ай! Жайша соққан бұ не хабар?!
Дүниеден Ленин кетті...
қайтпас сапар.
Селк етіп еңбекші тап күңіреніп,
Моншақтап ыстық жасы бір-бір тамар.
Аспаннан жай соққандай тән мен жанды,
Егіліп көздің жасы бір-бір тамды.
Жүрекке дәл қадалып суық найза,
Кек қайнап көкіректі жалын шалды.
Жыламас бұған адам тастығынан.
Қамықпас қара жылан қастығынан.
Ұран сап зор майданда ту ұстаған,
Айрылды еңбекші тап бастығынан.
Қуанба, қара жылан, сырттан шолған!
Ленинге ұзақ жолда серік болған
Қадырмен жол бастайтын азамат кеп,
Құлатпай қызыл туды күшті қолдан.
Еңбекші ел жер-дүниемен жалпы күйген —
Болды ма ер, айтшы тарих, мұндай сүйген?
Қолымен жүрегінің отын басып,
Тағзым қып өлігіне басын иген.
Уа дүние! Болмап еді мұндай ерін,
Мезгілсіз жұтты мұны қара жерің.
Қол созған жалпы адамзат бақытына
Жылады жетім қалып, еңбекші елің!
Кек-қайрат көкірекке қайнап толған,
Тайдырмас үлкен аға салған жолдан.
Лениннің тігіп кеткен қызыл туын
Ешбір жау құлата алмас біздің қолдан.

1924 жыл, 22-қаңтар, Москва



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қамаудан

  • 0
  • 0

Тас үйдегі тұтқынды
Аяған адам жоқ болды.
Аяды бірақ табиғат,
Көңілім соған тоқ болды.

Толық

Отарба

  • 0
  • 0

Белден асып,
Аттап басып,
Отарбада келеміз.
Айтқан жерге,

Толық

Біздің дәуір

  • 0
  • 0

Шабуыл біздің дәуір емес аяң,
Отарба алып ұшты, қалып маяң,
Жүйткіген тұрмыс қазір экспресс, —
Айтқандай менің досым ақын Аян...

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер