Өлең, жыр, ақындар

Ленин

  • 05.08.2022
  • 0
  • 0
  • 1338
Адамзаттың бақытына
Саты,
Аят, хадис уақытына
Аты.
Бұл дүниенің пайғамбары
Ленин.
Төмен таптың ой-айбары
Ленин.
Ғылым, тарих қағидасы
Өзі.
Бағыт, жоба, ұйым басы,
Тезі.
Төмен таптың қолбасшысы
Ленин.
Жаңа тұрмыс жолбасшысы
Ленин.
Жалшыларға жалпы азаттық
Байдан.
Не теңелмек, не қазаттық
Майдан.
Бостандықтың таң азаны
Ленин.
Саясаттың мыс қазаны
Ленин.
Шам-шырағы ақиқаттың
Жанған,
Айқын жолы адамзаттың
Шаңқан.
Зор майданның ұраны да
Ленин.
Келешектің құраны да
Ленин.
Құрастырған, сорлыларды
Жиған.
Рухтандырған жарлыларды
Иман.
Алтын сәуле күннің нұры
Ол таң.
Қара албасты түннің соры
Шолпан.
Қажымас ер, ол — қызыл ту
Құрыш.
Буржуаның жанына у,
Бұрыш.
Жас буынға үлкен аға —
Ол бас.
Осылай деп бердім баға,
Жолдас.

1923 жыл, 30-қараша, Теке



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біздің ұлан

  • 0
  • 0

Жан елемес қотыр тайлақ
Бұзау баққан, мініп жайдақ
Қара бала.
Атанып ед «Сұмырай, пері».

Толық

Мен

  • 0
  • 0

Сол майданда
«Болдым, — демен, — ірі едім,
Біркелкі лек ішіндегі дыры едім...»
Бірде атты қос,

Толық

Қаралы күн

  • 0
  • 0

Еңбекші тап бүгін ауыр жаралы,
Қан қызыл ту бүгін қайғы-қаралы,
Еңбекші тап бүгін жалпы қайғырып,
Ауыр хабар-хатқа төніп қарады.

Толық

Қарап көріңіз