Өлең, жыр, ақындар

Самұрық

  • 05.08.2022
  • 0
  • 0
  • 1151
(Қазақстан әуе кемесіне жәрдем жинаушы бірінші қазақ әйелдері комитетінің бастығы Нәзипаға тартам)

Қиссада ұшқыр қиял айтылмыштан:
Ертеде самұрықпен Қасен ұшқан.
Жеті қат от пен судан көктей өтіп,
Перінің патшасының қызын құшқан.
Бұл қиял ертедегі еді жалған:
Перінің отанына Қасен барған,
Мінгізіп самұрыққа алып қашып —
Сұлуды Бадиғұлжамал естіп алған.
Қазіргі шын самұрық — аэроплан,
Күңірентіп жер мен көкке салып ұран,
Оған мінген еркіндік азаматы —
Большевик ер жүректі батыр ұлан.
Сән емес, аэроплан күшті көлік,
Арымас өзі жүйрік, мінсең берік.
Адамзат көркем тұрмыс бақытына
Жеткізетін сенімді ол бір берік.
Ғылымның аэроплан ғаламаты,
Еңбекшіл оған мінген азаматы,
Жеті қат самұрықтай көктен асқан,
Адамның темір топшы көк қанаты.
Жоғары ол самұрықтан бұлтты тескен,
Қалықтап көкті сүзіп талмай ескен.
Көк құрыш қанат-құйрық бар денесі,
Төсімен сырылдатып көкті кескен.
Самұрық — аэроплан көктен асқан.
Алақанда оған мінсең жер мен аспан.
Мінгізіп қанатына алып өтер
Асусыз мұхит, теңіз, тау мен тастан.

1923 жыл, 8-қазан



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сыр сандық

  • 0
  • 2

Досыңмын деп aт береді,
Жем іздеген жаныма.
Жем таусылса жалт береді,
Сенерлік дос, санама.

Толық

Далада

  • 0
  • 0

Міне дала...
Бір топ бала,
Жүгіреді айнала.
Мінген таяқ,

Толық

Қызыл әскер маршы

  • 0
  • 0

Бізді Октябрь туғызды,
Болатпен бел буғызды,
Жұмыскер тап жауларын
Елден түріп қуғызды.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер