Өлең, жыр, ақындар

Совет баласы

  • 05.08.2022
  • 0
  • 0
  • 736
— Мынау ғой «НЭП»,
Қойды ғой жеп,
Шіркін, cay «ДЭП»
Келер ме еді айналып?!
Деді кедей,
Қайтсын демей,
Тірі жемей
Қояр емес байларың!
Бай нардомда,
Исполкомда —
Мұнда, онда,
Байлар тағы торлады.
Байлар қуан!..
Кейбір суан
Емес жуан,
Еппен сені қорғады.
Бай күледі,
Жай күледі,
Май күледі
Бойын жазып қу жуан!
Күліп еді —
Күркілдеді,
Іркілдеді
Майлы бүйен буржуа.
Болсам өкімет,
Жазып декрет, 
Бұйрық секрет
ГПУ-ге де берер ем.
«Тапсын мал» деп,
«Іске сал» деп,
Сонан соң байды көрер ем
Болсам солдат:
Алып мандат,
Байды таңдап,
Айдар едім жұмысқа.
Номер тағып,
Малша бағып,
Арттан қағып,
Босатпас ем тынысқа.
Болсам нарком,
Кеш қып: нардом,
«Ашқа жәрдем»
Жұмысында жүрсем мен.
Буржуй, мырза
Келіп тұрса,
Итше қуып тұрсам мен.
Aha, бай..., пардон!2
Бұл... бұл... нардом!
Сізге ардом3,
Мұнда бекер келдіңіз!
Семіз борсық,
Майлы торсық
Кеткен борсып,
Қанша кедей жедіңіз?..
Aha, ..пардон, мадам!
Былқыл қадам,
Құйқыл адам,
Біздер қатаң буржуйға. 
Нардом бізде,
Екеуміз де
Бола алмаспыз бір жайда.
Буржуй жуан,
Суан
Енді «қуан»!
Мырза, пардон...
Aha, солай ма!
Пардон, мадам, пардон!..

1923 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үгіт

  • 0
  • 0

Ағайынның, алаштың
Көбі-ақ саған қас шығар.
Мұз боп қатып жүрегің,
Қалған көңілің тас шығар.

Толық

Отарбада

  • 0
  • 1

Міне, заулап отарбада келеміз,
Кейде жүйткіп, кейде бүлк-бүлк желеміз.
Жолы құрып,
Жолы өріс,

Толық

Тергеген болсаң айтайын

  • 1
  • 5

Маржандай тізген жырымды
Айтайын болсаң, тергеген:
Домбырадай күйленіп,
Ән тасып көкірек кернеген.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер