Өлең, жыр, ақындар

Кім жауапкер, жолдас?

  • 01.08.2022
  • 0
  • 0
  • 664
(«Тоқпаққа»)

Әлі елді жалмап жүр
Бұрынғы жауыз залымдар.
Болыс, тілмаш, манап болған,
Бұрын жұртқа мәлімдер.
Үкіметтің зор міндеті
Жауыздықты тиятын.
Қулық, сұмдық, қиянаттың
Тамырларын қиятын.
Өтірік, ұлтшыл, арам молда
Кім екенін білеміз.
Іске қолы жетпеген,
Ұлуына келеміз.
Жұртты алдаушы жылмаңдарды,
Өзім-дағы білуші ем.
Ес білгелі талайын-ақ
У тіліммен ілуші ем.
Жауапкер ме бұл айтқандар,
Аш қазақтың жайына?
Мен сөзімді айтып едім
Азаматқа, байына.
Қимылдасын азаматтар:
Өйткені олар жауапкер.
Жәрдем қылсын байларымыз!
Соны, «Тоқпақ», ойлап көр!

1922 жыл, сәуір. Ташкент



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Лезде-ақ артта қалады

  • 0
  • 0

Жасыл көрпе жердегі,
Майда жібек желдегі,
Ән менен күй көлдегі
Жойылып бітіп барады.

Толық

Далада

  • 0
  • 0

Далада жазғытұры тостым желді,
Кезгек жел саулап есіп жетіп келді.
Гүл шешек, көгал шөптің басын сипап,
Көркейткен киіндіріп қара жерді.

Толық

Қырғыз Алатауында

  • 0
  • 0

Алатау — айбатты әсем сұлу тұлға,
Шомылған күміс су мен гәуһар нұрға,
Аққан су күміс төстен төмен құлап,
Сумаңдап ән қосады жылға-жылға.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер