Өлең, жыр, ақындар

Майданнан майданға

  • 29.07.2022
  • 0
  • 0
  • 666
Сан қиындық.
Жоқшылыққа қайыспай,
Жұмыскер тап
Алға аттады майыспай.
Партия бас,
Қаруы алмас,
Қажыры тас,
Түрлі жаумен
Күресте бет тайыспай.
Сан қиындық.
Бәрімен нық, ұрысты.
Қолға ап бұрын
Болмаған зор ірі істі.
Мың-мың санды,
Түрлі банды,
Сан майданды —
Бірдей ұстап,
Бір жағынан
Құрылысқа кірісті.
Серт соғыста
Талқан болып қашқан жау,
Быт-шыт болып
Сан құралын шашқан жау
Ленин күшін
Құрған ісін.
Бөгеу үшін,
Басқа әдіспен
Түрлі күрес ашқан жау.
Енді бұғып
Майданның әр жерінде.
Қылды әрекет
Майданның сұм кенінде,
Жау құрғалад
Жау жорғалайд,
Жау жол қарайд.
Қанды қанжар,
Оқтаулы кольт жеңінде.
Енді бұғып,
Тістерін жау қайрады.
Ит аузын
Қанды ұрттарын шайнады.
Оғын ұштап
Жұмысшы тап,
Бастық — штаб,
Көсемдерді
Аңдып оғын сайлады.
Қанаушы тап
Жауыз қара пиғылды;
Оғын сайлап
Кей жерге жау тығылды.
Жау сұм аңдап,
Атты таңдап, —
Біздің таңда-ақ.
Командирден
Бірнешеуі жығылды.
Біздің әскер
Оған сасып бұқпады.
Жасқанбады,
Жасып есі шықпады.
Тас боп пішін
Басып тісін,
Жиды күшін,
Қырмыз қызыл
Ленин туын жықпады...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

...ға

  • 0
  • 0

Айыпқа бұйырмассыз жазғанға хат,
Тартпақтап, жатырқарлық емеспіз жат,
Көңіл ашар ләззатпен сөз жазысып,
Сізден басқа жоқ болды білер бекзат.

Толық

Бір . . . . яш

  • 0
  • 0

Қазаққа, татарға
«Таң» болып атарға,
«Т-р-р» ұштым, «тырыстым»
Кіруге қатарға.

Толық

Еңбекші әлем сүйікті ұлын ұмытпас

  • 0
  • 0

Бір жыл толды ер майданда өлгелі,
Жанған шырақ қапылыста сөнгелі.
Қара ниет, арам қанды жау оғы,
Көсем ерді туған нудан бөлгелі!

Толық

Қарап көріңіз