Өлең, жыр, ақындар

Достарға хат

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 579
(Емханадан)

Емханада жатырмын,
Жиырма алтыншы палатам,
Таңды жырмен атырдым,
Көз тартады дала тым...
Мереке күн ертеңмен
Шыдамай-ақ тағатым,
Мен отырмын, кетер ем,
Үсте емхана халатым.
Халат емес үстегі,
Жібермейді сырқатым,
Дәм кезінде түстегі
Алдым достар жыр-хатын.
Сырқатыма ем сепкен,
Маған саулық тілеген, –
Бас көтертті төсектен, –
Сіздер жазған жыр-елен-
Серіктерім сенген – сіз,
Саулығымды тілепсіз,
Саулықтырар – сендерсіз
Сұңқар ұшпас түлексіз!
Мен сауығып кетсін деп,
Жұттық депсіз шарапты,
Оны кімдер көпсінбек? –
Тарт шалқая шанақты!
Хат жазыпсыз досты ұғып,
Мерекемен құттықтап,
Өлең жолын тосты қып, –
Жырды Тәкең жұтты ұрттап.
Жан сүйер сөз саулықта
Айтыла бермейді екен ғой,
Жандарыңды жай уақта,
Азырақ ұққан екем ғой...
Жөнелді, жыр келгенде, –
Ұйтқып алып жүрегім,
Сендердің арқаң – менің де
Тәкең болып жүргенім!
Көздеріңнен жас тамған
Жаныма дақ қонғанда,
Өздеріңдей достардан
Айналып кетсең болмай ма?!
Жан сүйер соз саулықта
Айтыла бермейді екен ғой,
Жандарыңды жай уақта
Азырақ ұққан екем ғой...
Сендерменен бір сапта
Жүруді ылғи сағынам,
Қасақана сырқатқа,
Сендер үшін сауығам!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шәкірт

  • 0
  • 0

– Ал, кетейікші құдай үшін?
Көк күңгірт, жер топырақ –
Көңілсіздеу жолда пішін,...
– Ей мұнда отыр, кел, шырақ.

Толық

Тұңғыш жаз

  • 0
  • 0

Зор меже жеті жылдық тұңғыш жазы
Гүліңдей қырдың қызыл ту ұстады,
Құйылтып көкірегінен дән маржанын
Тың дала күнге еркелеп тыныстады.

Толық

Берлинге

  • 0
  • 0

Күркіреп кәрі Карпаттан
Кәрін төккен бұлтты айдай,
Жарқылдап оқтар жан-жақтан —
Нажағайдай көкте ойнай,—

Толық

Қарап көріңіз