Өлең, жыр, ақындар

Сенің туған отаның

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 390
Жайна гүлдей жадырап,
Жас жеткіншек ұланым.
Қызыл ту нарттай албырап,
Келді Октябрь мейрамың.
Октябрьді туғызған
Ата-бабаң қан кешіп.
Октябрь бел буғызған,
Талпынған жасқа таңда өсіп.
Қуаныш үні қосылған,
Құлпырып қала, далада.
Бақыт берген осы таң
Алуан ана, балаға.
Шат жүректен сызылтып
Ән шырқаған пионер,
Білімнен гауһар тізілтіп,
Жүрегіңе құй өнер.
Мойныңда шоқтай көрінген
Қызыл жібек орамал,
Тамылжыған әніңнен
Таң бұлбұлы оянар.
Тойда көріп бойыңды,
Қызығыңа ел қарапты.
Ойынға бөлмей ойыңды.
Оқы, ұланым, сабақты.
Дариядай ойды тасытқан,
Білімнің көзі ашылған.
Таңыңда таңдап машықтан.
Мамандыққа жасыңнан.
Мамандық көп үйренер,
Білім теңіз шолсаңыз,
Профессор, инженер,
Ақын, жыршы болсаңыз.
Заманында құштың нұр.
Дана Ленин атаның.
Таудай еңбек күтіп тұр
Сендерден ұлы Отаның.

1948



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алтын дала

  • 0
  • 0

Түлеген алтын даланың,
Айдай күміс алабын,
— Тәтті жырға тербетіп,
Өлеңді өрге өрлетіп,

Толық

Бұлбұл мен бұлақ

  • 0
  • 0

Таң атып, нұрлары
Сүйгенде қырларды,
Бұлақты, гүлдерді,
Қалғыған орманды.

Толық

Октябрь

  • 0
  • 0

Волга менен Эльбаның
Бойларын біз басқанда,
Кавказ бенен Карпаттың
Тауларын біз асқанда.

Толық

Қарап көріңіз