Өлең, жыр, ақындар

Жаңа жыр

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 355
(Гәккугай әнімен)

Жаңа жыр — жырланады майданға арнап,
Жаңа жыр — жайратады жауды ойрандап!
Жаңа жыр — фашизмнің төбесінен
Түседі жарқ-жұрқ еткен жайдай жайнап.
Жада жыр — жаңға жайлы,— сыңғыраған,
Жаңа жыр — аққан дайын тау бұлақтан,
Жаңа жыр — жау жүрегін қақыратып
Жаңа жыр — танк дейін тау құлатқан!
Жаңа жыр — ащы айқайын аңыратқан,
Жаңа жыр — снарядтай жалын атқан
Жаңа жыр — партизанның жасағыңдай
Жаңа жыр — жаудың оқ боп шебін жыртқан!
Жаңа жыр — тисе әлемнің құлағына,—
Секілді жау сүйегін жағып жатқан!
Жайнаймыз, жайнаймыз,
Жауды жеңбей қоймаймыз!
Жерде болса жерінде,
Көкте болса көгінде,
Қиратамыз дұшпанды
Қан майданның төрінде!
Жаңа жыр — айқын өмір анық жыры,
Жаңа жыр — қаһарланған халық жыры;
Жаңа жыр — алдаспандай арқыраған,—
Жаңа жыр — шын жеңімпаз тарих жыры.
Жаңа жыр — өркендеген өмір жыры,
Жаңа жыр — құрыш болат темір жыры;
Жаңа жыр — шыңырау шахталардан
Шығарған күшті көрік көмір жыры.
Жаңа жыр — жайнап тұрған жердің жыры,
Жаңа жыр — бақ дарыған елдің жыры,
Жаңа жыр — қаздар ұшып, қулар қонған
Найқалған айдын шалқар келдің жыры.
Жаңа жыр — жасқанбастан жауға шапқан,—
Жаңа жыр — майдандағы ердің жыры.
Жайнаймыз, жайнаймыз,
Жауды - жеңбей қоймаймыз!
Жерде болса жерінде,
Көкте болса көгінде,
Қиратамыз дұшпанды
Қан майданның төрінде!
Жаңа жыр — жалынды адам жүрегінде,
Жаңа жыр — жаралғанның тілегінде;
Жаңа жыр — Отан үшін жан аямай
Жандасқан жауынгердің білегінде!
Жаңа жыр — қызыл ердің қаруында,
Жаңа жыр — біздің елдің алыбында;
Жаңа жыр —жеңіс үшін қан майданда —
Жарылған бомбылардың жалынында!
Жаңа жыр — жерімізде, кегімізде,
Жаңа жыр — асқар таулы өрімізде,
Жаңа жыр — жұлқынған жау ажалы үшін
Жаңа жыр — жарақтанған елімізде.
Жаңа жыр — қыран дайын қанат қаққан —
Тоқтамас жауды жеңбей кегіміз де!
Жайнаймыз, жайнаймыз,
Жауды жеңбей қоймаймыз!
Жерде болса жерінде,
Көкте болса көгінде,
Қиратамыз дұшпанды
Қап майданның терінде!

1942



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Достық туының астында

  • 0
  • 0

Бақыттың кілтін ашып елге Ленин
Қол қойып декретке Кремльден,
Халқыма ту тіккізіп, ер жеткізген
Мың алғыс данамызға нұрлы өмірден!

Толық

Улы ағаштың тамыры

  • 0
  • 0

Улы ауадан жаралған,
Улы жерден таралған,
Улы судан көктеген,
Көктемей, шіріп, жетпеген,

Толық

Көңілім

  • 0
  • 0

Көңілде гүлдерім, –
Өмірде сембейді,
Жалынды тілегім,
Білемін, сөнбейді.

Толық

Қарап көріңіз