Өлең, жыр, ақындар

Жұлдыздай жанған — Москвам

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 505
Әлемнен даңқын астыра,
Мұхиттай күшін тастыра,
Жиһанды баққа бастаған,
Ғасырдың түнек пердесін
Сыпырып бойдан тастаған
Қызыл тулы астанам —
Жұлдыздай жанған — Москвам.
Тастүлектей талпынған
Алуан ерді халқымнан
Туғызып, туы шалқыған,—
Шұғыласын шыңнан шаштыра!
Меруерттей алынған
Мрамордан салынған
Жақұттан жары қаланған
Үсті де қала,— асты да.
Халықтың сенде жанары,
Халық досы - жараны,
Алуан елдің арманын
Қолына беріп, құлпыртқан,
Жарқыратқан жан-жағын
Бақыттың жолын ашты да,
Осындай күшті сәулетке,
Құт дарыған дәулетке
Қандыбалақ жендеттер,
Қара жүрек, көн беттер
Жеріме келіп қол салды,
Соғысқа қанды жол салды,
Халқымның таптап даласын,
Бомбылап тыныш қаласын,
Найзаға шапшып баласын,
Оққа ұшырып анасын,
Адамдықтың туына
Елімнің алуан ұлына
Қарсы шауып, қан төгіп
Майдан ашып жар салды!
Бұл қара бет айуанды,
Жанталасқан жауларды —
Москваның бар халқы
Оқ жаудырып қарсы алды!
Жау сазайын беруге,
Көріне мәңгі көмуге,
Отан үшін жан қиып,
Үзілсе де көз жұмып,—
Өлсе де ерше өлуге,
Маңдайдан мұз, таңдайдан
Қар жауса да керуге,
Москва үшін аянбай
Дұшпан қанын төгуге
— Көк болаттай құрсанды!
Құрсан басқа болар ма,
Құрсанбай қояр ма,
— Москваның өзінде,
Лениннің нақ көзіндей,
— Ленин жатқан Мавзолей,
Бұздырмай қоймас құрсауды.
Талқан қылып озбырды,
Аң мүсінді азғынды
Жер бетінен жоюға,
— Қуатты халқым қозғалды!
Москва мәңгі жайнайды,
Жеңіс тойын тойлайды
Соғуын жүрек қойғанша,
Жау жеңіліп болғанша,
Қаруласпай қоймаймыз,
Астананы қорғаймыз!
Жай түсіріп жауларға,
Нажағайдай ойнаймыз!
Жеңбей өмір тынбаймыз!

1942



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Каспий

  • 0
  • 0

Аңғарлы, аты-шулы Каспий шулап,
Көк толқын бұйраланған толқып тулап,
Тау, тасы тағы қылған асау толқын,
Бұрқанып, бұрқ-сарқ етіп жатыр зулап.

Толық

Сәлем саған, туған жер!

  • 0
  • 0

Ұштың, Валя, зуылдай,
Шарлап аспан жұлдызын,
Бұрқырап алтын құйындай
Бұлыңғыр көкте қалды ізің.

Толық

Волга-Дон

  • 0
  • 0

Кездеспеген ежелден
Бірі — мен, бірі — Волга-Дон,
— Кездесіп бүгін кезеңнен
Толқындар түсті жолға кең...

Толық

Қарап көріңіз