Өлең, жыр, ақындар

Жазулы тас

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 422
Езу тартпас қара тас
Бетіне әжім түспеген,
Жанымыздай біздің жас
Жалынды оты өшпеген.
Көк астында құрсана
Жатқан бұл тас мелшиіп,
Нөсер жауын жауса да,
Қанаты суық жел сүйіп.
Айнабұлақ толқынмен
Тасты ұрса да ағысы,
Із сала алмай жортумен
Шаршаған тау тағысы.
Тас отын сөндіре алмаған
Қыстың да суық мұздары,
Яки, бұрқап, андаған
Боранның да ызғары.
Тілсіз тасты дауыстап
Оятқан күшті жаңғырық.
Ысқырған желге алыстан
Тіл қатқан тек жаңғырып.
Көкжиектен таң нұры
Жеріме жайнап ойнаған.
Кезде: туып тан, күні
Туын бізге бұлғаған.
Сонан менің елімнің
Құлпырды да аймағы,
Өмірімнің, көгімнің
Жұлдызы жарық жайнады.
Сонда менің отарбам,
Желден жүйрік жортарым.
Турксиб деп аталған
Басып жұрттың іңкәрін!
Сол отарба тоғысқан
Жолы Айнабұлақта,
Даңқы көкке ұласқан
Паровоз үні құлақта...
Жол тоғысқан жеріне
Тастан белгі қойылған,
Айнабұлақ дөңіне
Асқан белгі қойылған.
Белгі тастың бетінде
Ленин аты жазылған.
Ол өшпес нұр отында
Ғасырдың жылы жазынан.
Өшпес нұрлы осындай
Жырым отты тас болса,
Өмірдің сүйген досындай
Жаным мәңгі жас болса!!!

1940



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сенің туған отаның

  • 0
  • 0

Жайна гүлдей жадырап,
Жас жеткіншек ұланым.
Қызыл ту нарттай албырап,
Келді Октябрь мейрамың.

Толық

Граф Нулин

  • 0
  • 0

Уақыт жетті! Мүйіз дабыл қағылды;
Ит бегілер киді киім жағымды;
Таң атудан бұрын атқа мініпті,
Аңсыраған ит тобы ойнақ салулы,

Толық

Ол туғанда

  • 0
  • 0

Ол туғанда дүнияға
Бірінші рет көзін ашып,
Жатты гүрс-гүрс қан майданда
Мылтық оқтан жалын шашып...

Толық

Қарап көріңіз