Өлең, жыр, ақындар

Көктем

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 397
Еркін елім, алтын далам,
Алақаны аялы анам,
Жадыраған жаз нұрындай,
Алтын жаздың жаңбырындай,
Сорғалатқан өлеңімен
Құшақ жайып келді балаң.
Көрдім көзбен бір келген
Қараша қаз, сұңқарыңды.
Тұяғымен тасты жарған,
Қара жерді қайыстырған,
Көрдім болат тұлпарыңды.
Құнарлы елдің даласына,
Көз жіберсем аясына,
Ұлпа жерге алтын шашқан
Сәндеп таудың саясына.
Жер құлпырып гүлін жарған,
Құлын, тайлар ойнақ салған,
Айдын көлдің жағасына.
Жер желіндеп сеуіп ұрық,
Жент жегізбек бидай туып,
Даласына, қаласына!
Осы жердің ерлеріне,
Жазғы егістеді зергеріне,
Елімдегі күшті ұрпақтың
Ұрық сепкен еңбегіне,
Жыр жырлауға келді ақының,
Алатаудың өрлеріне.
Аққу ұшып, қаз қаңқылдап,
Сүңгіп жүзген көлдеріне.
Таң нұрымен алтынданған
Қиқулап қаз қаңқылдаған.
Құрыш тұяқ қара тұлпар,
Жерді жыртып жарқылдаған.
Зор трактор жерді таптай,
Тұра ала ма оза шаппай,
Күдіс мойын, күпшек санды,
Арындаған арғымақтай.
Үстінде ер балуан білек,
Қос тізгінді о да тартпай,
Ен даланы жырта шауып,
Шығатындай шартын ақтай.
Қарақошқыл жыртылған жер,
Бейне қара шибарқыттай.
Қояр емес жерге ел дайын
Шибарқытқа маржандайын
Алтын дәннен түйме тақпай.
Кел, егелік алтын дәнді,
Кел, егелік ақ бидайды,
Кел, жолдастар, ұлы еңбекке,
Жұмылалық, өмір сәнді.

1939



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шаруа күз

  • 0
  • 0

Төбеден күз бұлты төнеді,
Тау басы бұлыңғыр көк тұман...
Таудан мал түсіріп келеді
Өр тұлға жас шопан – от қыран!

Толық

Қысқы ымыртта

  • 0
  • 0

Мұхитына көкжиек
Қызыл қанат күн батып,
Оранғандай ақ жібек.
Мұз құрсанды қыр қатып,—

Толық

Партия газеті

  • 0
  • 0

Төрттен бірін жасап бүкіл ғасырдың
Тұғырыңда тұрсың толып мүшелін;
Большевиктік сөздің даңқын асырдың,
Сайрап тұрған бұлбұл тілді шешенім.

Толық

Қарап көріңіз