Өлең, жыр, ақындар

Қысқы ымыртта

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 304
Мұхитына көкжиек
Қызыл қанат күн батып,
Оранғандай ақ жібек.
Мұз құрсанды қыр қатып,—
Кешкі ымырттың қонғанда
Көлеңкесі ақ қарға,
Көгершіндер тоңғаннан
Ұяға ұшпай тоқтар ма?
Қарлы басын ағаштың
Қалса кенет жел сілкіп,
Жерге бүркіп ақ ұшқын,
Қайта ұшады құс үркіп.
Ұшады да дүр етіп
Шатырына үй қонады,
Қауырсыны дір етіп
Шүпірлесе қалады...
Қанаттарын бүркеніп
Бұта сайын құс қалғып
Қонақтады, кім келіп
Оған істер дұшпандық?..
Жайбарақат жер күтіп
Қонған құсты ұяға,
Шошытуға үркітіп,
Адам көзі қияр ма!
Жанымызда тұр ыстық
Жазда суық қыста да,
Аймағымда тыныштық
Адам түгіл құсқа да.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тарас Маңғыстауда

  • 0
  • 0

Тас қыздырып, даланы аптап күн күй
Теңіз жары қабақ түйген тұр биік,
Лашықта бір батқан күнге қадалып
Отыр Тарас ауыр ойда тұңғиық...

Толық

Қош бол, теңіз

  • 0
  • 0

Қош бол, енді көргенше,
Көгала толқын кек теңіз!
Қайта оралып келгенше, –
Бізді ұмытып кетпеңіз!

Толық

Аймағым

  • 0
  • 0

Жері құт Қазақстан аймағының,
Адамы қол ұсынған айға бүгін,
Төгілткен тың алқаптан дән тасқынын
Пәрменді еңбегінің айғағымын.

Толық

Қарап көріңіз