Өлең, жыр, ақындар

Қысқы таң

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 849
(Пушкиннен)

Әрі аяз, әрі шуақ күн бір керім,
Жатырсың әлі ұйқыда достым менің,
Сұлуым, ойланатын уақыт жетті;
Көзіңді аш, рақаттың жұтып лебін.
Қарсы алып арқаның шын аврорын
Жұлдыздай Темірқазық келіп көрін!
Кеше сен білемісің боран ұлып,
Түнерген көкті жауып қараңғылық,
Ай, бейне — қуарыңқы — солған меңдей,
Сарғайып тұр, томсарған бұлттан шығып,
Сендағы мұңайыңқы отырған ең
Ал, бүгін... терезеден қара тұрып:
Астында көкшіл аспан әлемінің,
Тіл жетпес торғын мұнар кілемінің
Ақша қар жатыр күнмен шағылысып,
Қарайған тек қалпы орман сілемінің
Көгеріп үйең, шырша көкшілденіп,
Жатты өзен мұз астында реңімен.
Жақұттай сәулесімен үйдің іші
Нұрланып, көңілді от жаққан пеші;
Шытырлап, жылынған пеш, төсегінде
Әдемі шомуға ойға жатқан кісі,
Алайда, қайтер еді шанасына
Биені будан буырыл жекші десе?
Ақ қарда таңертеңгі жылжып сосын,
Тыпыршып тұрмай тұрған атты, досым,
Көсілтіп жортақтата, құйғыттырсақ
Жаңғыртып кең даланың жарып тесін,
Манағы қалың орман, өзен жары
Ғажайып сүйікті зат менің үшін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жыр сарайы

  • 0
  • 0

— Қызым-ау, қалқам, біздерге
Жүр дейсің, қайда,— уа, жаным?
Өткіздім дәурен бұл жерде,
Бұл жерде жетпек ажалым!

Толық

Аймағым

  • 0
  • 0

Айы туып аймағым, –
Күн астында күлімдей,
Алақанға арманын
Алған бақыт гүліндей, –

Толық

Партия газеті

  • 0
  • 0

Төрттен бірін жасап бүкіл ғасырдың
Тұғырыңда тұрсың толып мүшелін;
Большевиктік сөздің даңқын асырдың,
Сайрап тұрған бұлбұл тілді шешенім.

Толық

Қарап көріңіз