Өлең, жыр, ақындар

Туысқандық жыр

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 449
Жерге терең түп тамырын төсеген,
Бір тамырдан өскен бейне қос емен;
Ұлдарына ұқсап қимас ананың,—
Егіз туған секілді бір шешеден.
Украина мен Россия туысқан —
Елсің өскен, көгеріп шын көсегең.
Туысқан ел өткен талай күндерден,
Дауылдарда жауына бас имеген!
Көктей өтіп үш ғасырдың шыңынан,
Ұрпақтана өрге өмірі өрлеген,
Хмельницкий жайып алға құшағын
Тұр тік қарап Москваға гүлденген.
Жендеттерден тартқан ауыр жазаны
Ақын Тарас құлағымда сазы әлі...
Күңіреніп толқынымен Каспийдің
Қуғын көріп, мәлім шеккен азабы;
Маңғыстауға қуылып кеп жүрсе де,
Сүйген оны қырдың қалың қазағы...
Таңды көксей ақты дария тасқыны,
Тоғысты оған Тарастың да ащы үні!
Пушкин сазы, Жамбыл жыры шырқалып,
Ел жанына бір жаңа леп шашты үні.
Сол сарынға сыңғырап кеп қосылған
Жарқын даусы Купаланың жас күнгі.
Жарандарым, замандасым, ұрпағым!
Ел атынан жырмен шырқап айтарым:
Өшпейтұғын ел достығы мәңгілік,—
Өшіртпейміз елдің бақыт нұр таңын.
Мен — Ленинді, Партияны жырлаймын,
Жүрегімнен жырымды елге тартамын.
Жырласам да Алатаудың асқарын,
Жырдан биік тұлғаң, Қазақстаным!
Жасыл бақша теңізі тең келер ме,
Жайнай өскен сымбатына жастарым!
Теміртаудың мартенінің күшіндей
Күнге қолын созған ұрпақ — басты адым.
Ұлы Отаным, жарқын биік шыңдасың!
Жүрек жазы құя түссін шұғыласын!
Россия мен Украина шарықта,
Туысқандық туыңды ақын жырласын!
Бір тамырдан өскен егіз емендей
Екі ұлы елдің сүйем достық тұлғасын.

1954



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ерік

  • 0
  • 0

Қайда ғана басымды мен қойсам да,
Қайғы талап жейді жүрек етімді.
Кеш жатсам да, яки ерте тұрсам да,
Дәл бір нәрсем жетпей тұрған секілді.

Толық

Құрекеңе

  • 0
  • 0

Қайран біздің Құрекең
Ірілердің бірі екен
Алматыға келерде,
Құтырынып тур екен.

Толық

Ақманай

  • 0
  • 0

Ай астында айнадай
Айдын көлің Ақманай,
Толқыныңа ай қарай, —
Аймалап таң атты арай.

Толық

Қарап көріңіз