Өлең, жыр, ақындар

Қырмандағы түн

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 221
Қараңғы түн жұлдыз жайнап,
Жымиып тұр көктегі ай,
Дүние тыныш,
Тек бір дыбыс...
Гүрілдеп тұр
Өзен, сай.
Осы қоштап таудан салқын
Желпіп самал жел ұрған.
Қырмандағы
Бидайларды
Жұрт жабыла Суырған.
Тазаланған алтын бидай
— Асқар таудай үйілген.
Әппақ қардай
Ұн қылғандай
Бір тартқаннан
Диірмен.
Қырманда тұр жарық фонарь
Қуаты күш электр.
Қатын-қалаш,
Жас қарындас,
Қалбырды алып,
Елеп тұр.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өсейік гүлдей қосылып

  • 0
  • 0

Хош келіпсіз, меймандар,
Аңсап алыс Дунайдан,
Астығым бар, алмам бар
Көр дәулетті молайған.

Толық

Қылыш

  • 0
  • 0

Кигенің, жігіт, көн етік,
Күміс сап қылыш беліңде.
Шаршапсың ауыр жол өтіп,
Қонып кет менің үйіме!

Толық

Көктем мерекесі

  • 0
  • 0

Даланың ерке көктем гүлі түлеп,
Тағынып көк жапырақ сылқым терек.
Кеп-кеше осы майдың салютіндей
Қақты алғаш жаз дабылын күн күркіреп!

Толық

Қарап көріңіз