Өлең, жыр, ақындар

Әлемге ана

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 640
Әлемге ана, төсін керген кәрі жер,
Жалаңаш қар, әппақ тәнін қыста көр.
Жылт-жылт... жұлдыз толған алтын моншақ па
Аспан-көктей қалпағына тізгендер.
Кейісе түн, қуанса күн жарқырап,
Емшегі тау, сүті бұлақ сарқырап;
Күлгені таң; сылдыр-сылдыр шолпысы
— Гүл жапырақ сылдырлаған қалтырап.
Ана әлемді бауырынан асырап,
Алтын, күміс, кені шыққан шашырап,
Без емшектен шымшып алтын көніп ап,
Жердің ері жұмыскер күш асырады.
Еңбек иесі жұмысшы тап құшаққа ап,
Жер шарына теңдік туын тұр сақтап,
Бақыт шашып жер бауырын балқытып,
Мәңгі құшпақ — шеңберінен құшақтап.
Таптың ері талмай таптық жолды ақтап,
Жер шарына теңдік бақыт орнатпақ.
Серпілдіріп жерден қара тұманды,
Таңның ерке, алтын бұлтын ойнатпақ.

1929



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қызғалдақтай пионер

  • 0
  • 0

Қызғалдақтай құлпырып,
Жас пионер балдырған,
Жаз болды деп қуанып,
Жанарын нарттай жандырған.

Толық

Партия газеті

  • 0
  • 0

Төрттен бірін жасап бүкіл ғасырдың
Тұғырыңда тұрсың толып мүшелін;
Большевиктік сөздің даңқын асырдың,
Сайрап тұрған бұлбұл тілді шешенім.

Толық

Беті сұлу

  • 0
  • 0

Әйел сүймес кей адам
— Беті сұлу болмаса,
Бетін оның не қылам,
Ниеті сұлу болмаса?!

Толық

Қарап көріңіз