Өлең, жыр, ақындар

Қызғалдақтай пионер

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 405
Қызғалдақтай құлпырып,
Жас пионер балдырған,
Жаз болды деп қуанып,
Жанарын нарттай жандырған.
Самаладай самсаған,
Көктегі гүлдей жаңбырдан.
Барабан соққан даусынан,
Аспан асты жаңғырған...
Ән қосқан даусы жер жарады,
Жас ұланның шуының,
Көркейеді астында
Отан қызыл туының.
— Дайын бол!
— Дайын!—ұраны,
Күш пен жігер бойында.
Көзі көргіш қияны
Ұстасы сұлу ойдың да.
Галстугі қызарып,
Жарасып жүр мойнында.
Балапандай пионер,
Кіршіксіз таза жүрегі;
Оларды мақтан қылады ел,
Өрлейді ерге жігері;
Болашақ дәуір қожасы,
Ел ұрпағы, тірегі...
Жаздай жайнап көркейсін,
Қызғалдақ ұлан тілегі!

1928



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Салқын түнде

  • 0
  • 0

Мен тыста солқылдаған кроватта
Жатырмын салқын түнде жұлдыз санап...
Жылтылдап мың құбылып бір минутта
Жұлдыздар жымыңдасад мені қарап.

Толық

Менің сырым

  • 0
  • 0

Біреуге өмірімде
Қас қылып көрген емен,
Жанжалға тегі мүлде
Бас сұғып көрген емен.

Толық

Чапаевтың қылышындай

  • 0
  • 0

Қызыл тіл Чапаевтың қылышындай,
Жарқылдайды жауға оқталсам қыры сынбай;
Қаз-қатар командамен тізген өлең
Әскердің қызыл қыран тұрысындай.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар