Өлең, жыр, ақындар

Талмас тұлпар

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 434
Мұз мұнара Алатаудың
Әппақ күміс басымда;
Алтын бұлт ұйықтап тұрды,
Маужырап жартасында.
Әрі ақ сақал, әрі ақ шаш,
Қариядай қар — әппақ.
Кеудесінде кәрі жартас
Жас бұлт тұр ойнақтап.
Таң сәрінен тауды оятты,
Ащы дауыс аңқылдап.
Өлік тау, тас жаңғырықты,
Тағы үн шықты шаңқылдап.
Зеңгір құзды жарып тұлпар,
Шықты шыңнан шұрқырап;
Көк ала толқын бұйрат жалы
Мың бұралып, бұрқырап!...
Көкшіл алмас, сауыт сауыр,
Кеудең шойын — от жалын;
Болат тұяқ долы дүлдүл
Тау жақпары уатқаның.
Ұйқтап жатқан тауды оятып,
Жетті арғымақ еліне.
Аң баспаған, құс ұшпаған
Қазақстан жеріне.
Жаңа астана — Алматыға
Берді сәлем иіліп.
Қуанышпен күтіп алды.
Еңбекші ел жиылып.

1929



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Отарба

  • 0
  • 0

Шықты Арыстың қаласынан,
Фрунзеге отарба.
Қазақстан даласынан
Вагон тізіп қатарға.

Толық

Жұлдыздай жанған — Москвам

  • 0
  • 0

Әлемнен даңқын астыра,
Мұхиттай күшін тастыра,
Жиһанды баққа бастаған,
Ғасырдың түнек пердесін

Толық

Қарқын

  • 0
  • 0

Қыж-қыж қайнап, колхозды елім қырлықтан.
Қақ айырып қыр қыртысын қиратқан.
Толып кеткен жүзі жайнап жалшылар,
Трактордай тұлпарларын тулатқан.

Толық

Қарап көріңіз