Өлең, жыр, ақындар

«Алла», «Құдай» — жалбарынған сөздері

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 563
(Конфиска )

Қарны қабақ,
Беті табақ,
Жалшы қанап,
Бай мұз-балақ
Қорсылдап ед қабандар;
«Қанды көйлек»
Кілегейлеп,
Елді билеп,
Жалшыны илеп,
Шағып ед жылан-шаяндар.
Міне бүгін,
Жалшы буын
Үдеп дуың,
Қызыл туың
Қырмызылап қолға алдың.
Жердің шарын,
Еттің жалын,
Байдың малын
Қолыңа алдың
Теңдік заңын қолдандың.
Малдан безіп,
Жиһан кезіп,
Жауыз бұзық,
Үміт үзіп,
Үрейі ұшып жоғалды.
Байға қысым,
Сенің үшін
Оңдалды ісің,
Жалшы, түсін,
Жаңа дүние жол алды!
Қайрат жасып,
Ұшқын қашып,
Асып-сасып,
Желке қасып,
Шүңірейіп көздері,
Байлар барын
Шашты малын,
Өш-өш! Залым!
Шеңбер қарын,
«Алла-құдай»
Жалбарынған сөздері!
Аузыңда аллаң,
Досың моллаң,
Ойды орған,
Қырды қырған,
Жоғал, жуан жебірлер!
Біз «үш қосып,
Колхоздасып,
— Судай тасып,
Алға басып,
Күшейеміз,
Нарт ту мәңгі желбірер!

1928



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алтын кірпік ту шашағы

  • 0
  • 0

Күңге еріп
Мұз сауыты Алатаудың,
Гүрілдеп
Сайдан өзен ақты тулай.

Толық

Қызыл әскер

  • 0
  • 0

Қуат қайнап құйқылжыған қырандар,
Қажыр қайтпас, қырағы қырғи ұландар.
Жауға қаптап,
Шығып сап-сап,

Толық

Қыз қалауы

  • 0
  • 0

Тақ қызына ғашық болып сансыз жан,
Тау елінен, Теңіз арғы жағынан
Келді киіп үске жібек асылдан,
Күймелері сары алтынға малынған

Толық

Қарап көріңіз