Өлең, жыр, ақындар

Алғашқы адым

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 384
Басқанда алыс жолға алғашқы адым,
Тұлымым желкілдеген жап-жас шағым,
— Кісімде: жетім тайлақ өркешіне
Жарбиып қаршадай боп жармасқаным...
Туған кез өмір бізге нұрын шашып,
Оқуға кеттім елдің ерін асып,
Жаутаңдап жетім тайлақ желе берді
Құмға тек табанының мөрін басып.
Бүк түсіп қала берді Нарын құмы,
Қой баққан жерім талай дауыл күні...
Жаулығын желпи бұлғап:—сау бол!—деген
Құлаққа сонда анамның шалынды үні...
Ол үнге қарайласам, айналамын,
Анамның білем тағы аймаларын,
Әудем жер шығарып сап, алдымды орап
Құйрығын қалды бұлғап Майлыаяғым.
Сүйеніп қолындағы таяғына,
Жақоң қарт жолыма ұзақ қарады да,
— Қош айтып үй жанында тұрды қатып,
Қалғандай Бесешкіге қарауылға...
Қалқиып өзім туған қара лашық,
Мен ұзап кеткен сайын қалды қашық.
Бір қадам мен ілгері басқан сайын
Жарқырай түсті сәуле алдымда ашық.

1928-1948



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Миллиард жыры

  • 0
  • 0

Халқымның мақтанышын шын қуанған,
Бұл жырға қанша айтсам да сиғыза алман!
Биылғы жылдың жарқын алтын күзі
Бөленді даңқымызға шыңды жарған.

Толық

Тасқын

  • 0
  • 1

Құмартар бұлақ бар менде
Ғажайып ұлы күші асқан,
Құмы күміс түбінде,
Мөлдіреген үсттайыр жі аспан;

Толық

Ертеңгі дабыл

  • 0
  • 0

Таң ағарып қалғанда,
Күн шықты әне, күн шықты!
Шатыр толған алаңда,
Сызылып бір үн шықты.

Толық

Қарап көріңіз