Өлең, жыр, ақындар

Ертеңгі дабыл

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 627
Таң ағарып қалғанда,
Күн шықты әне, күн шықты!
Шатыр толған алаңда,
Сызылып бір үн шықты.
Бір бала жүзі тым ыстық:
— Тұр, достарым! — дегендей.
Мойнында қызыл галстук,
Қолында әсем жез керней.
Жез кернейден сайраған,
Қақты ол таңғы дабылды.
Әр шатырдан жалма-жан,
Балалар шығып ағылды.
Әрбір лектің ұланы,
Тұрды өзінің сабына.
Таңғы таза ауаны,
Қалғандай-ақ сағына.
Әне, олар ғажайып
Алуан түрлі қимылды
Жасап, жарқын бой жазып,
Қарлығаштай үйірілді.
Мойнында қызыл галстук,
Жүр көздері күлімдей,
Бірінен тіпті бірі ыстық,
Жаздың раушан гүліндей!
Ұйқысын ашып, серігіп,
Жуынып мөлдір бұлаққа.
Өрімталдай өріліп,
Кетті ертеңгі тамаққа.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түс

  • 0
  • 0

Түсімде: жар тас басынан
Секіргім келді теңізге,
Тыныштық сүйгіш, ән салған,
Періште маған сол кезде:

Толық

Кавказ

  • 0
  • 0

Таудан тауға бұлт оралған,
Қайғы, зардан қан ағылған,
Баста-ақ жиһан Прометейін
Бүріп қыран ойрандаған,

Толық

Жолдар

  • 0
  • 0

Жолдар, жолдар мені туған елімнен
Айырдың сен, қалды алыс басқан із.
Жетер енді, ұзақ қонақ болдым мен,
Қазір үйге қайта апарып тастаңыз.

Толық

Қарап көріңіз