Өлең, жыр, ақындар

Тура қара көзіме, тура қара

  • 14.04.2015
  • 1
  • 8
  • 30133
Тура қара көзіме, тура қара, 
Ашық айтқан сөзімді бұрмалама. 
Ақиқаттың алдында бүгежектеп, 
Тағасыз байталдайын сырғанама. 

Тірі жансың айлаң бар, шалымың бар, 
Көрсетші қанша сенің қарымың бар. 
Адалдық, ақиқаттан сомдап соққан, 
Тасқа салсам мұқалмас қаруым бар. 

Тура қара көзіме, тура қара, 
Арамдығың бұғынып тұр ма, бала?! 
Қалжысын жеп қуанып, шілде жасап, 
Сені де перзентім деп туды–ау Ана...



Пікірлер (8)

еркебулан

әдемі екен өте тамаша

Сайлаухан

Есіңе мені алғайсың-атты өлең екі адамның тағдыры сияқты.Мадина ару есіңе мені алғайсың деген зарлы үнімен халқының есінен кетпесе,Мұқағали ақын осы өлең арқылы өмір зарын айтып кеткен сияқты.Бұл өлең нақты бір адамға арналған ,ұмытпашы деген өтініш пе деп қалдым.Айтарым; сол адамдарды қойып оқырман,тыңдаушы менде/бізде/ есімнен/есімізден/ шығарған жоқпын/жоқпыз/

Айым

Маған мұнда анашым деген өлең ұнады

Əйгерім

Өте керемет! Осындай Ұлы адамның шығармасы кез келген жанның жанына жағары анық...

Айнур

Мукагали агамыздын олендери мазмунды.Мнеин Кызым Мукагали олендери байкауында жениспен оралды

Жәнібек

керемет

кансултанова адима

керемет екен,кыска онай олен екен

Пікір қалдырыңыз

Саяхат

  • 1
  • 8

Сал-сал да күндер, сал күндер,
Балалық атты бал күндер,
Барайын баяғы ауылға,
Жоқ кімдер, я бар кімдер.

Толық

Сен Батыста, мен Шығыста

  • 1
  • 4

Сен Батыста, мен Шығыста - халықпыз,
Бір бақшада бірге бүршік жарыппыз.
Бір Отанда бірге Бақыт тауыппыз,
Бір Отанда бірдей теңдік алыппыз,

Толық

Жомарт жандарға

  • 0
  • 1

Қуанышпен,
не берсеңдер де
аламын,
Азық-түлік, аздап ақша,

Толық

Қарап көріңіз