Өлең, жыр, ақындар

Сен Батыста, мен Шығыста

  • Bain
  • 23.04.2015
  • 1
  • 4
  • 23289
Сен Батыста, мен Шығыста - халықпыз,
Бір бақшада бірге бүршік жарыппыз.
Бір Отанда бірге Бақыт тауыппыз,
Бір Отанда бірдей теңдік алыппыз,
Біз осындай тірліктегі халықпыз.
Мен Шығыста, сен Батыста достармыз
Бір денеге бірге біткен қос жанбыз,
Ұлы Одаққа басымызды қосқанбыз
Біз осындай бірліктегі достармыз.
Даутабаға құя алмайды Сыр барып
Бірақ біздер бір арнада, бір халық.
Достығымыз жатыр, міне, шындалып
Ұлы Отанда шешек атып, гүл жарып
Өттік біздер өткелдерден не түрлі
Сын сағатта босағамыз бекінді.
Латыш, Қазақ екеуі де бір құстың
Егіз біткен қос қанаты секілді.
Сен Батыста, мен Шығыста екі елміз
Мәңгілікке бауыр болып кетерміз.
Сен Батыста, мен Шығыста Отанға
Қалқан болып жаратылған екенбіз.
Төрлетіндер, ардақтары Балтықтың!
Балтық жырын Балтыққа ұқсап шалқыт бір



Пікірлер (4)

Ақерке

Өте жақсы өлеңдер екен

Аяжан

Өте жақсы өлең екен

Алин

Өтте қатты ұнады керемет супер пупер!!!

Қаракесек

Мұқағали Мақатаевтың Сен Батыста, мен Шығыста өлеңі өте мағыналы!

Пікір қалдырыңыз

Несіне асығады?!

  • 2
  • 4

Күн қайда асығады?!
Нендей күш күннің нұрын жасырады?!
Қызарып соңғы сәуле шашырады.
Күн түйе алмай барады шашын әлі.

Толық

Әулие

  • 1
  • 2

Сілелеп, құртып мұршаны,
Саят қып тауда жүргенде.
Сая ғып қалың шыршаны,
Кетіппін ұйықтап бірдемде.

Толық

Сахараның шұбырған түйелері

  • 2
  • 3

Түнде менің түсіме жиі енеді
Сахараның шұбырған түйелері.
Түйенің өркешінде жыр боталап,
Түйенің боздауынан күй өледі.

Толық

Қарап көріңіз