Өлең, жыр, ақындар

Тұңғыш жаз

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 344
Зор меже жеті жылдық тұңғыш жазы
Гүліңдей қырдың қызыл ту ұстады,
Құйылтып көкірегінен дән маржанын
Тың дала күнге еркелеп тыныстады.
Көз тартып қырда қала орнағаны,
Зәулім үй, жаңа завод тұлғалары,
Көк бойлай көк жазықтан созды мойнын
Магнит алыбының домналары.
Осы бір ұлы белес кезеңдегі
Өмірдің көркіне ел безенгені
Шақырып шабытты жыр, жатыр тағы
Ойнақтап ойда, қырда өзендері...
Жайнаған жазғы дала кең өлкесі,
Жартастан көтеріліп көк еркесі
Сілкініп ұшқан бүркіт қанатының
Қалықтап жерде ойнаған көлеңкесі...
Жайлауға жайылған қой жүр сән беріп,
Құйрығы дөңгеленіп керсеңденіп,
Бұйра жүн қозылардың жұмыр жоны
Секілді түркпен, киген сенсең бөрік!
Бір дөңде маңдайынан сүртіл терін,
Атының тартып басын іркіп кейін,
Шалғынға жайып қойын тұр қарт шопан,
Қараған шың басынан бүркіттейін.

1959



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қақса бұлбұл таңдайын

  • 0
  • 0

Дала шешіп ақ тонын
Тау бүйірі бу атып,
Бұлақ толқын атқанын
Көрсең шыңнан құлатып, –

Толық

Кей жігіт

  • 0
  • 0

Кей жігіт бізге қолын сермегендей,
Жанымнам өте шығар өрлегендей,
Қарайды неге шіркін шекесінен,
Біз, тіпті, – жігіт болып көрмегендей!

Толық

Катуллаға еліктеу

  • 0
  • 0

Дариға-ай! Сүйсем соның отты көзін,
Мың рет сүйгім келіп ойнар сезім.
Күйдірсем көз отына ерінімді мен
Татыр ед бір сүйгенім жүз жылға тең.

Толық

Қарап көріңіз