Өлең, жыр, ақындар

Күн батарда

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 344
Екі жарын өзеннің
Көк тоғайлар көмкеріп
Тұрғандарын сезем мен
Басын суға төңкеріп.
Бала қайың жағада
Түріп күміс балтырын,
Күн батарда жай ғана
Суға түскен ақырын...
Құлағында тізілген
Көк жапырақ сырғасы,
Мықынынан үзілген
Сұлуға ұқсас тұлғасы.
Тізесінен түрініп
Суға малшып қыз қайың, –
Гүлі желге үрініп
Көрдім толқын сызғанын.
Сол бір кезде сұр қанат
Шағалалар алды орап,
Ұшты өзенге сорғалап,
Тұрдым алға мен қарап.
Еліктей ме ақынға,
Еркелейді толқын көк,
Толқымай қалар ақын ба,
Ақын да кетті толқын боп...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түске дейінгі серуен

  • 0
  • 0

Дабыл қаққан алғашқы,
Алғыр ұлан вожатый
Керней тілін дәл басты,
Ержан еді өз аты.

Толық

Алтын дән

  • 1
  • 0

Октябрь деген жаз шығып,
Бізде алтын дән егілген.
Тамырлап өсті жас шыбық.
Жаңа шығып көрінген.

Толық

Рица

  • 0
  • 0

Ғажайып бір көл екен
Кавказдағы Рица!
Кім көріксіз дер екен
Сұлулығын бір ұқса?!

Толық

Қарап көріңіз