Өлең, жыр, ақындар

Түске дейінгі серуен

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 435
Дабыл қаққан алғашқы,
Алғыр ұлан вожатый
Керней тілін дәл басты,
Ержан еді өз аты.
— Бұл араға сен бұрын
Келген жоқсың, көріңдер!
Көрелік жер ой-қырын
Бәрің маған еріңдер! —
Деген кезде ұландар:
— Мақұл! — десті дауыстап.
Басталып кетті түрлі әндер,
Алаңнан аулақ алыстап...
Таңдана олар қарайды
Қар жамылған шыңға да,
Көз жанарын қадайды
Гүрілдеп аққан суға да.
Келіп алма бағына.
Әр алманың баудағы
Түйнегін көрді тағы да.
Мичуриндік алманың.
Колхоздық бір таудағы
Анау тұрған бір түрі.
Түйін салып қалғанын
Қарашы, жоқ мүлтігі.
Анау— апорт алмасы,
Мынау —лимон дегенің.
Қайсысы тәтті таңдашы,
Бар ма жеп оны көргенің?
Деген сәтте бәрі де,
Білеміз, деді, білеміз,
Талайын жерміз әлі де,
Көрмесек енді көрерміз!
Десіп пісіп жетпеген,
Алуан түрін алманың,
Білді көріп көптеген,
Алманың түйін салғанын.
— Алманы көктей үзбеңіз,
Бұтағына тимеңіз!
Жапырағын жұлып жүрмеңіз,
Күтелік оны жүнде біз!
Тәртіпті боп ойнаңыз,
Алманы қағып қалмаңыз!
Піскен соң жинап аламыз,
Қызара түссін алмамыз!
Деді Ержан вожатый,
Балаларға ұқтырып,
«Тентектіктің қажеті
Жоқ!» — десті бәрі тік тұрып.
Бағымен алма танысып,
Шаңқай түстің кезінде,
Кепкеннен соң күн ысып,
Барды олар өзенге.
Шомылып суға жайланып,
Ойнап, күліп бәрі де,
Атырапты айналып
Қайтты ақ шатыр лагерьге.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тоңған ай

  • 0
  • 0

Қысқы түнде жалтырап
Тоңғандай бейне қалтырап...
Жымия қарап аспанда ай —
Жігітін қыз тосқандай

Толық

Тарас Маңғыстауда

  • 0
  • 0

Тас қыздырып, даланы аптап күн күй
Теңіз жары қабақ түйген тұр биік,
Лашықта бір батқан күнге қадалып
Отыр Тарас ауыр ойда тұңғиық...

Толық

Ұшып келем

  • 0
  • 0

Мезгілі еді нақ түстің
Күн күледі үстімде,
Ұшып келем «Аққұстың»
Қанатының үстінде!

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар