Өлең, жыр, ақындар

Себеле, себеле!

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 372
Күзгі аспан, бұлт кезі жасаурап,
Қайтеді, сәл тамшы себе ме?
Сепсең сеп, ал жаңбыр, жау саулап,
Күзгі нұр себеле, себеле!
Кәне жер жыртылған ұлтанын
Көк тамшы шегеңмен шегеле,
Бұлқын бұлт, болмасын бұлтағың,
Ал, жаңбыр, себеле, себеле!
Шаң шалған жер жонын шомылтып,
Дем берші, шөлдеген денеге,
Торқалы төбені тоғылтып,
Жау жаңбыр, себеле, себеле!
Тау басын бір теуіп өтті де
Бұлт әне шығып ап әуеге,
Лақтырды аспаннан төкті де
Жаңбырды шелектеп төбеге.
Жалғаған жер мен көк арасын
Нөсер бір көкпеңбек теңіздей, –
Тіреу ме деп те, я қаласың, –
Тұрсын ба жерді көк емізбей!
Жаңбырға жекіріп ешкім де
Дей алмас: – Жауасың сен неге?
Көктемде дән қаулап өсуге
Күзгі нұр, себеле, себеле!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақын көрінісі

  • 0
  • 0

Жазғы жасыл жайлауда
Түріп ақ үй іргесін
Жайып тастап жырды алға
Ашып ақын кеудесін –

Толық

Тезірек көргім келеді

  • 0
  • 0

Бүгінгі бір көз көрген
Нарын құмын жырладым,
Кезіңде ертең өзгерген
Баспас қайта жырға кім.

Толық

Күлкі емес

  • 0
  • 0

Оншақты өлең бастырып,
Жаңа көріне бергенде, —
Мақтанып кетсе асқынып,—
Күлкі емес пе білгенге?..

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар