Өлең, жыр, ақындар

Вокзалда

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 472
Сұр брезент азық қоржын иықта,
Құлақшынын баса киіп басына,
Шолақ тонды солдаттар шат, миықтан
Күліп қойып, поезд күткен асыға.
Біреу қырға, біреу село, қалаға,
Біреулері бармақ болып шахтаға
Жүрген кезде перрондағы алаңда,
Жеті эшелон вагондары сап құра.
Ал асыққан солдат легі тезірек
Билетсіз-ақ отырыңдар поезға!
Қарсы алады сізді елдің өзі кеп,
Келулерің ой да салар кей қызға...
Шымшып беттен шымыр аяз шытырмақ
Шығарып сап перрондағы әскерді,
Керзі етікпен басқан жері сықырлап
Вагондарға қылқандай кіл жас кірді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кейде көк бұлт ойнақтап

  • 0
  • 0

Суық бір күзгі түнде ұйықтап,
Ояна келсең ертеңмен,
Көрінсе көзге — тұйықтап
Қар жамылған жер түннен —

Толық

Назерке

  • 0
  • 0

Шахзаданың сүйген қызы отырып,
Айтты назды қасына алып сүйгенін:
«Мені сүйсең туғаныңды өлтіріп,
Әкел маған айырып бас сүйегін».

Толық

Көтерілген тың

  • 0
  • 0

Жарқын жүзі жайдары
Келді тағы сұлу май.
Біздің сұлу таңдағы
Табиғаттың сыйындай.

Толық

Қарап көріңіз