Өлең, жыр, ақындар

Қара теңіз

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 490
Қара теңіз көсіліп
Жатса, көлбеп алдында,
Төбеңнен тік тесіліп
Қарайды екен тау мұнда.
Таудың биік оқ шыңы
Бұлт қанатын игендей,
Екі иыққа топшылы
Қара бурка кигендей! –
Қарайды кеп түксиіп,
Қабақ түйе биіктен,
Суға, тауға тіксініп
Отырмын көз тігіп мен.
Бесігіне көк теңіз
Толқындарын бөлеген,
Теңізді жыр етсеңіз,
Мұның өзі көп өлең.
Бірде түптеп дем алып,
Соғып теңіз бүйірін,
Бірде тоқсан толғанып
Қуып толқын үйірін, –
Қаптайды көк жойқыны
Маған қарай аққандай
Бүкіл теңіз толқыны
Көшіп келе жатқандай!..
Туғам мен де толқыннан,
Көшсең, көшіп кел, толқын!
Жүрегіме бұлқынған
Өлең болып ен, толқын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Пейзаж

  • 0
  • 0

Өзенде кернейдейін гудок ойнап
Көк терек, қызыл шие өскен бойлап,
Талай жыл еткен еңбек экскаватор –
Пейзаждың бір тұлғасы іске татыр.

Толық

Менің далам

  • 0
  • 0

Даламның көктем туа тау, қырлары
Жаңғырып, жазда қай гүл жарылмады,
Шөп түбі саусақтардың саласындай
Жерде алыс жатыр терең тамырлары...

Толық

Болат балға

  • 0
  • 0

Көк құрыштан болат балға құйылған,
Алғыр алмас тегеуірінді бұрыннан.
Шын еңбектің шым-шым қайнап суына,
Суарылып қорытылған қиыннан.

Толық

Қарап көріңіз