Өлең, жыр, ақындар

Жылдар

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 438
Өтті айлар, өтті жылдар,
Өтті талай мезгілім,
Өтті алуан отты жылдар.
Өсірді өмір өз гүлін.
Жылжып алға жыл жарысты.
Жылдар жалқы өткен жоқ,
Жылдар бізбен жыр жазысты,
Жер де жай гүл төккен жоқ.
Жылдардан жыл туып жатты,
Жайнай түстік жыл сайын;
Тұл даланы туындатты
Түлектерім күн сайын,
Қанат қаға құстай ұшқан
Жылдарды алға өңгеріп,
Туған елім Қазақстан
Тұл өлкеме өң беріп.
Елім биік тұғырда тұр
Екі жиырма жас жасап,
Аспандайтын бір қырда тұр,—
Алтын аптап, тас қашап.
Өтті айлар, өтті жылдар,
Өтті талай мезгілім,
Өтті алуан отты жылдар,
Өсірді өмір өз гүлін!
Таң-тамаша әлі алдымда
Тұр туашақ жылдарым,
Жараса, шын, жоралғыңа,
Жұртым, талай жырларым!

1960



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Теңіз жағасында

  • 0
  • 0

Отырсаң көк теңіздің жағасында,
Қаласың қызыққа бір қанасың да;
Қыз қуып суда жүзген жігіттерді,
Мәз-мейрам мөлдір толқын аясында.

Толық

Шүйінші

  • 0
  • 0

Шүйінші, халқым, шүйінші!
Шүйіншіге сүйінші!
Шаттан, ата-анамыз,
Шаттан, аға - баламыз,

Толық

Жаңа жыл жыры

  • 0
  • 0

Жаңа жылдың күміс күні кекті нұрлай туғанда,
Көкті нұрлай, туғанда жыл, тау тулана тұрғанда,
Тау тулана, қыр қарлана, жатқан жер жоқ жайнамай,
Өзен, көлім көк мұзданған — көк шар айдын айнадай,

Толық

Қарап көріңіз