Өлең, жыр, ақындар

Егіз ерлер

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 340
Болатшылар мартенде
Құйса құрыш қайнатып,
Тояттаған жер дәнге
Шаруа жонды жайнатып.
Жұмысшы қол заводта
Машинаның бөлшегін
Құйса, шаруа қыратта
Көрем жыртқан жер шегін.
Фабрикте тоқылған
Көрсем жібек бастонды,
Соны киіп отырған
Сүйем елде жастарды.
Шопан баққан қырдағы
Жібек жүні қойлардың
Костюм болып тұрғаны
Өрнегі мың қолдардың.
Тоқушының өрнегін
Ел білмесе, кім білер,
Желпіп жібек көйлегін
Би билейді жеңгелер...
Аңсаған ел алыстан
Тауып мәңгі арманын,
Құшақтары қауысқан
Жұмысшы мен шаруаның.
Даңқы жерді тұр орап
Достықтың да ерліктің,
Айқасып-ақ балға-орақ
Тұр бетінде гербтің.
Далада дән, тауда кен
Толқындата құйғандай,—
Кенші жігіт шаруамен
Бір анадан туғандай.
Өмірім жоқ өксіген
Тұр аймағым арналы,
Егіз ерлер — деп сүйем
Жұмысшы мен шаруаны!

1960



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мезгіл

  • 0
  • 0

Мінезіңді кім білген
Жүйрік мезгіл қызықсың,
Жас кезімде мен жүрген
Құмға басқа із сызыпсың.

Толық

Тілегім

  • 0
  • 0

Сүйгенім, мені сүймей ренжіттің,
Мен сұлық төсегімде жаттым мұңды;
Жан жарым көз жұмғандай қайғы жұттым...
Мұны айтпай жасырамын қайтіп сырды?..

Толық

Жер астындағы майдан

  • 0
  • 0

Қара түнде шахты шамын,
Шахтыға енер нақты шамын
Қолына ұстап, қайланы ұштап,
Шахтерлер кеп жақты шамын

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар