Өлең, жыр, ақындар

Тілегім

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 321
Сүйгенім, мені сүймей ренжіттің,
Мен сұлық төсегімде жаттым мұңды;
Жан жарым көз жұмғандай қайғы жұттым...
Мұны айтпай жасырамын қайтіп сырды?..
Қанынан жүрегімнің гүлдер тердім,
Шыдамым сүйгеніне берді төтеп...
Жасадым қанымнан гүл – қызыл букет,
Сол гүлмен есіңе ал деп қолым бердім.
Күндейін күлді сұлу, – төзе алмадым,
Шаттықтан көз жас алды, – сезе алмадым.
Сәбидей жас сезімім серпілді кеп,
Қуанбай мен бишара төзе алмадым...
Басты да ол жүрегімді жүрегіне,
Арылтты арманымды, керегіне...
Кезімді азап шеккен ұмыттырып,
Жеткізді көптен күткен тілегіме.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көңіл күйі оянғандай

  • 0
  • 0

Бөленген туға бүгін алаң қандай,
Көркіне көңіл күйі оянғандай!
Бір жақтан күздің алтын бояуымен
Сарала ағаш басы боялғандай.

Толық

Беті сұлу

  • 0
  • 0

Әйел сүймес кей адам
— Беті сұлу болмаса,
Бетін оның не қылам,
Ниеті сұлу болмаса?!

Толық

Жас мұғалім

  • 0
  • 0

Мектеп ашып,
Білім шашып,
Елге жеміс егетін.
Жас мұғалім,

Толық

Қарап көріңіз