Өлең, жыр, ақындар

Қысқы селенде

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 404
Қыс өтіп, жаз туғанша,
Іс тыныстап тыңдағы,
Десеңші, бір, той қанша
Болады елде мұндағы?
Тың жерде көп тізілген,
Бір селеннен, бір селен,
Жігіт сөйлеп, қыз күлген,
Отырса да жүрсе елең...
— Жазы-қысы бұл жерде
Орындалған жас арман,
Бір жерде той, бір жерде
Шілдехана жасалған...
Молдаванның қызына
Дон жігіті үйленіп,
Сырнай сазы сызыла,
Би де кетті биленіп...
Алды-артына қаранып,
Ауыл мен қыр ойдағы,
Ақ ұлпа қарға оранып,
Жатыр тыңның аймағы.
Көктем келіп, жаз туса,
Көктеп жерде інжу дән,
Көлге жүзіп қаз тұрса,
Көкке шырқар ызғып ән.
Керенау көктен қар сауып,
Кербез Көкше құз биік,
Күнді Оқжетпес қарсы алып,
Керілді көл, мұз киіп...
Жатыр Көкше шың тауы,
Бүркіт ұшқан көк шеңгел,
Жырдың қызыл сұңқары,
Сәкен сүйген сексенкөл!

1960



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қаһарлы жылдар

  • 0
  • 0

Сұрапыл қырық бірінші
Қар жамылған жер үсті,
Естен сірә шығар ма, —
Сол қан исі жылымшы?..

Толық

Көтерілген тың

  • 0
  • 0

Жарқын жүзі жайдары
Келді тағы сұлу май.
Біздің сұлу таңдағы
Табиғаттың сыйындай.

Толық

Ғаббасқа

  • 0
  • 0

Ұялшақтың белгісі
Ақылды боп өскені,
О да халық үлгісі
Халық нені кешпеді

Толық

Қарап көріңіз