Өлең, жыр, ақындар

Қыз кеткен

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 337
Қарақалпаққа

Амудария бойында
Мың ба, бұрын,— жүз кетпен
Жер қазып, су бұрғанда.
Өзенге бір қыз кеткен.
Қарақалпақ қызының
Бетін жуған өзені
Ілкі заман кезінің,
Бір хикая сөзі еді...
Жігітке қыз бұлқына
Ғашық болып жүзі игі,
Жуынам деп толқынға
Жоғалған қыз жүзігі...
Өз тағдырын шеше алмай
Жүрегінде мұз кеткен,
Жан сүйгенін құш алмай
Көк өзенге қыз кеткен.
Өтті ол көрген бір түстей
Бүгін сұлу сол өзен
Ақ мақтаны күмістей
Толқынына Жүздірген.
Қарақалпақ өзі енді
Жерін, суын өзгерткен,
Алайда сол өзенді
Деседі ел қыз кеткен.

1960



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қарқын

  • 0
  • 0

Қыж-қыж қайнап, колхозды елім қырлықтан.
Қақ айырып қыр қыртысын қиратқан.
Толып кеткен жүзі жайнап жалшылар,
Трактордай тұлпарларын тулатқан.

Толық

Өлеңмен қойдым қолымды

  • 0
  • 0

Біледі майдан не екенін,—
Соғысты көрген біздің ел,
Соғысты сүймейді мекенім
Сүйеді бейбіт кезін ел.

Толық

Алғашқы адым

  • 0
  • 0

Басқанда алыс жолға алғашқы адым,
Тұлымым желкілдеген жап-жас шағым,
— Кісімде: жетім тайлақ өркешіне
Жарбиып қаршадай боп жармасқаным...

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар