Өлең, жыр, ақындар

Атом заманы

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 422
Қожасындай уақыттың
Бейбіт елім бейнесі,
Мұзын тіліп мұхиттың
Жүзді Ленин кемесі.
Алатауға жанарын
Аударса бір ай күліп,
Алтын балға орағын
Аймағым тұр айға іліп!
Көрсең қыран серіні
Ұшқан тауға өрмелеп,
Зырлады жер серігі
Жерді айнала дөңгелеп.
Аршындаса аспанда
Ақ көгершін еркелеп,
Мақтанамын достарға
Мініп ұшқан вертолёт!
Адамымыз даланы
Алақанға ойнатып,
Басталды атом заманы,
Әлем ойын оятып!
Күндерде алғы келелі
Шығып бір дем алысқа,
Өлең жазғым келеді
Ұшып барып Марсқа!

1960



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дауылпаз

  • 0
  • 0

Ой құйыны үйіріліп,
Көк алмастай суырылып,
Қаламы қылыш жарқылдап
Сұңқардай даусы саңқылдап.

Толық

Сүттен тамған дәм

  • 0
  • 0

Кешегі майдан дауылды
Жылдарда, келіп досқа мен,
Дүрлігіп тұрған айылды
Көрген едім Ошта мен.

Толық

Қырмандағы түн

  • 0
  • 0

Қараңғы түн жұлдыз жайнап,
Жымиып тұр көктегі ай,
Дүние тыныш,
Тек бір дыбыс...

Толық

Қарап көріңіз