Өлең, жыр, ақындар

Мен барғанда

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 391
Мен барғанда ауылға
Жасыл тоғай, құмдарда
Жауын да жоқ, дауыл да,
Жап-жайдары тұрды Орда.
Көк қарағай, тал шыбық
Маған мойын бұрғандай,
Күтіп алды шаншылып
Сағына сапқа тұрғандай.
Орманына Орданың
Орағытпай келдік құп,
Деп бір кемпір:
— Қарағым,—
Қолын көзге күндік қып,—
Хош келіпсің! Міне елің,
Қона жатып көрерсің,
Сен де өсіпсің, бала едің,
Біз қартайдық не дерсің?!.
Сонда сездім талай жыл
Шалғай жүріп ауылдан,
Жас та жылжып, талай жыр
Тұрғанын күтіп мені алдан.

1957



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көңілім

  • 0
  • 0

Жаңа жаным жадырап жайраңдады,
Жада күн шашты әлемге алтын нұрын.
Жаңа шабыт шарқ ұрып, тіл сайрады,
Жеткендей жер түбіне асқақ үнім.

Толық

«Алла», «Құдай» — жалбарынған сөздері

  • 0
  • 0

Қарны қабақ,
Беті табақ,
Жалшы қанап,
Бай мұз-балақ

Толық

Бейбітшілік

  • 0
  • 0

Әлемге бейбітшілік қанат жайған,
Күштірек халық күші нажағайдан,
Біздің ел шындығының шұғыласы
Адамзат жүрегіне нұр боп жанған!

Толық

Қарап көріңіз