Өлең, жыр, ақындар

Нейлон көйлек

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 370
О, туған жер!
Өзіңмен
Өткен жылың сырласың
Өрекпіген сезіммен
Қош айтысып қимасың
Кетерде: аяз көзімен
Күміс қарлы шың басын
Шолды, кекке кезенген
Заводтардың тұрбасын.
Жыл жөнелді ақ қырау
Қарға бөлеп адымын,
Көйлегіндей капрон
Терешкова Валяный,...
Жолдама алған жуықта
Кремльдің залынан
Жарқын жылдың туып та
Тур жақсы айы таңынан.
Ырысы мол өткен жыл
Қоштасса да найқалып,
Дәні егіп кеткен кіл
Шығар жазда жайқалып.
Қырға келген қарыштай
Жылдардың бұл алыбы,
Тұрғандай-ақ ту ұстай
Жерге түскен жарығы.
Бұл жыл шарлап аспанды
Космосқа жол тартқандай,
Қаратаудан фосфорды
Қотарып ап жатқандай.
Кремльдің күмбезі
Спасс мұнарасына
Ақ моншағын қар септі
Ақ күмістей шашыла...
Айтсаң, шіркін, айтқандай
Ертегіден асыра
Мезгіл тоқып жатқандай
Нейлон көйлек асыға...
Қарап қарлы шоқыдан
Шолып Отан ерлерін,
Ғұламадай оқыған
Тауып асыл жер кенін,
Мезгіл таңы құлпырған
Меңзеп жеңіс күндерін
Кеннен жібек тоқыған,
Киіп нейлон көйлегін...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кейбір інілер

  • 0
  • 0

Бізде әсем інілер бар
Шынығып өсіп, піскен,
Кейінің міні де бар
Сырттан құр кесіп,

Толық

Көк терек

  • 0
  • 0

Қара қас, қара көзі жалт-жұлт еткен,
Осы бір көк теректі Галя еккен.
Еккенде бұл ағашты сүйді өзі де,
Өйткені екті жауын жоқ кезінде.

Толық

Костер басындағы әңгіме

  • 0
  • 0

Түнгі аспанның төсінде
Дөп-дөңгелек ай жүзіп,
Көкала бұлттың үстінде,
Жарқырады жай жүзіп.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар