Өлең, жыр, ақындар

Жапты кілтін «Максимнің»

  • 09.07.2022
  • 0
  • 0
  • 307
Әлі есімде
өткен соғыс дауылы,
Ел бағы үшін
ерлердің
қан төккені...
Жауын жеңген
елімізге
тағы ұлы
Туды жарқын
майдың жеңіс
көктемі.
Жауды жайпап,
гүрсілдеген
тынды оқтар,—
Басылды үні
көк қарудың
от атқан!
Автоматын
иыққа іліп,
солдаттар
Маңдай терін
шықты сүртіп
окоптан.
Жау сығалап
жатқан сержант бір шетте
— Ура! — деген
есіттіре
ащы үнін,
Оқ лентасын
жинай салып
жәшікке,
Сақ еткізіп
жапты кілтін
Максимнің,
Серттескен ек
қанды соғыс
кезінде,
Ант қылышқа
шаншуға
ел дұшпанын!
Жеңіс үшін
тартқан жолдың өзіне
Төселейік
деп ек
болып шпалың.
Жан аямай
шпалдай да,
көпірдей
Тұрдық мығым
таймай
жеңіс жолында.
Бір де оғын
солдаттар мүлт кетірмей,
Шын ерлікпен
жеңіп шықты
Жауды да.

1955



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әлжеке

  • 0
  • 0

Әлжеке, жақпарында жүрек таудың,
Сен жастан қолға қайла, күрек те алдың.
Ержете қайла орнына қалам ұстап,
Таңында тас түлектей түлеп те алдың.

Толық

Қашан пайдам тиеді

  • 0
  • 0

Араладым адырдағы бадалды,
Жүрегіме қу тікенек қадалды.
Жылан шақты, зәрін шашты, улантты,
Таба алмадым ем істейтін адамды.

Толық

Қарт қорған

  • 0
  • 0

Гаграның біп-биік
Көрдің бе ескі қорғанын,
Жарына сан оқ тиіп
Шежіре боп тұрғанын?..

Толық

Қарап көріңіз