Өлең, жыр, ақындар

Ол жерде

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 503
Жыртқан жерін соңғы рет
Бір айналып өтті де,
Біздің Коля мөлдіреп, —
Қырға көзін тікті де,
Қоңыр жонды қапталдай
Қарап еді жан-жақты:
Қабыған қара мақпалдай
Қара жолақ жер жатты.
Ойлады ол өткен жыл
Палаткада тұрғанын,
Кейде дауыл, өкпек жел
Қаусыра қосын ұрғанын...
Ақ шатырдың жел кейде
Брезентін жыртқанын,
Палатка жоқ ол жерде,
Көрді қалған жұрттарын..
Сол жерге енді қарасаң,
Сан жаңа үйлер жарасып,
Салынған тез орасан,
Тұр болашақ қалашық.
Күні-түні даладан
Тартқандай бір көз нұрын,
Үйлер киіп қараған
Төрт бұрышты көздігін.

1954



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Май толқыны

  • 0
  • 0

Май толқыны толқып, қайнап,
Қайыстырған жерілді.
Аспанға асып,
Ұран тасып,

Толық

Қыз кеткен

  • 0
  • 0

Амудария бойында
Мың ба, бұрын,— жүз кетпен
Жер қазып, су бұрғанда.
Өзенге бір қыз кеткен.

Толық

Жыл құсы

  • 0
  • 0

«Жыл құсы» жаңа туды қанат сермеп,
Ұшуға ыңғайланып жоғары өрледі,
Қатпаған қауырсыны жас балапан,
Талпынды алға қарай күші кернеп.

Толық

Қарап көріңіз