Өлең, жыр, ақындар

Отаныма

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 770
Аветик Исаакяннан

Жайқалған егістіктің толқын атып,
Мен тұрмын, жағасында ойға батып,
Қарақшы ордасының топанына
Емес пе ең бір кезде елім тұрған батып.
Селт етпей сансыз садақ нөсеріне,
Мыңдаған найза ұшынан жара тартып?
Халықтар өзенінің тас жолында
Сан ғасыр қажысаң да азап артып,
Астында жорытқан ат тұяғының
Жаншылып жатсаң дағы қалмай тамтық,
Жат елдің құзғындары жартасында
Тұмсығын ұшса дағы қадай шалқып.
Есепсіз күндер мен көп жылдар өтті,
Міні, енді тағы аймағым гүлге бөкті,
Үстінде жайбарақат үйіміздің
Будақтап ұшқан түтін көкке жетті,
Әлдилеп мені сонда мейірімді анам
Өрлетіп ой санамды тіл үйретті.
Сан жетпес соқалары ұлдарыңның
Жыртар қара топырағын қырларыңның,
Гүлді жерін жыршылар әнге қосар,
Сен сүйген ата мекен тұрағыңның,
Сонда, кәрі жеріңді толған үнің,
Шырқар, шырқар тамаша сайрап жырың,
Өрден өрге өрбітер күй өргегін,
Жүрек тербер мәңгі жас менің тілім.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қарт қорған

  • 0
  • 0

Гаграның біп-биік
Көрдің бе ескі қорғанын,
Жарына сан оқ тиіп
Шежіре боп тұрғанын?..

Толық

Миллиард

  • 0
  • 0

Миллиард деген ірі сан,
Жеңіл — айтар ауызға.
Салмағын оның орасан,
Жеңіл деп айта алам ба?!

Толық

Кейбір інілер

  • 0
  • 0

Бізде әсем інілер бар
Шынығып өсіп, піскен,
Кейінің міні де бар
Сырттан құр кесіп,

Толық

Қарап көріңіз