Өлең, жыр, ақындар

Өттi тағы бұл өмiрден бiр адам

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 163
Өттi тағы бұл өмiрден бiр адам
өзiмiздей күлген, жүрген, жылаған.
Өн бойыңнан азалы бiр үн шығып
өз-өзiңнен тұрасың ғой тұншығып.
Жер үстiнде бiр от сөнiп тағы да,
жер үстiнде тоқтады бiр тiршiлiк.
Сөзге күйiп,
таланса да жалаға
әрiгерек, алысырақ қараған
биiк едi, биiк едi сол адам,
терең едi, терең едi сол адам.
Биiк едi
қамын жеген елiмнiң,
терең едi
қамын жеген жерiмнiң...
Қара табыт ескегi жоқ қайықтай
шықты қалқып иығына шерудiң.
Шықты қалқып (жүректi мұң қақ бөлдi).
Соңғы жолға аттанатын шақ келдi...
Көшеменен — иығында табыты —
қаралы өзен ағып бара жатты ендi.
Жамандықтың қабырғасын қаусатқан
адам едi ол, —
көрмеген бiр тайсақтап.
Адам едi ол —
өрге салып өмiрiн
ағыстарға, ағыстарға қарсы аққан.
Ендi, мiне, сөнiп қалған жарықтай
тiршiлiк тұр қасiреттен айықпай.
Қара табыт — қаралы өзен үстiнде
қалқып бара жатты ескексiз қайықтай...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үрей

  • 0
  • 0

Өрттей тұтанды —
Қайдағы-жайдағы...
Бір елді түп-түгел
Үрей жайлады.

Толық

Жақсы сөз

  • 0
  • 0

Мен бүгiн
Жанымды майдай ерiткен
Жақсы сөз естiдiм.
Сол сөзден

Толық

Нала

  • 0
  • 0

Жерi құт қайнатқан,
Ошағы құрт қайнатқан;
Iбiлiсiңдi iреп,
Албастыңды

Толық

Қарап көріңіз