Өлең, жыр, ақындар

Құбылыстар мен бұрылыстар

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 295
Құбылыстары мен
Бұрылыстары көп
Заман бұл.
Шиыр-шиыр
Құбылыстарына
Шырматылып
Қамалдым.
Жықпыл-жықпыл
Бұрылыстарында
Тоналдым...
Шиыр-шиыр
Құбылыстарының
Шырғалаңын-ай.
Жықпыл-жықпыл
Бұрылыстарының
Бұралаңын-ай.
Тапсаңшы,
Бір амалын-ай!..
Шым-шытырық
Құбылыстардан
Қап – қара бәле шығып
Үстіме төніп
Түйіліп тұр ғой.
Жықпыл-жықпыл
Бұрылыстардан
Құтырған құйын шығып
Жіптей есіп
Иіріп тұр ғой.
Үстіме төнген
Сол бәле иісінен
Құрт түскен еттей
Бұзылып кетердеймін.
Ұршықтай
Құтырып айналған
Қара құйыннан
Үзіліп кетердеймін.
Шиыр-шиыр
Шырматылған
Құбылыстардан
Шыға алар емеспін.
Жықпыл-жықпыл
Қара құйынды
Бұрылыстарды
Ұға алар емеспін.
Мен қазір
Сұлба мен елеспін!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүректегі сілкініс

  • 0
  • 0

Сiлкiнiс боп жатыр тағы жүректе!
Жарық күнiм айналғандай түнекке.
Ұлы жердiң сiлкiнгенi секiлдi
сiлкiнiс боп жатыр тағы жүректе!

Толық

Обал

  • 0
  • 0

Сонау жылы,
Үстiрт үстi.
Күн ыстық.
Дем аласың отты ауаны тыныс қып.

Толық

Күндердің күнінде

  • 0
  • 0

Өмiрге құштар ақын,
Жан-жүрегiн
Қайғы-мұң қысқан ақын,
Күндердiң күнiнде –

Толық

Қарап көріңіз